You are here

РР-ны қайта рәсімдеу

Егер жұмыс беруші компанияны жою туралы шешім қабылдаса, шетелдік қызметкердің жұмыс рұқсатын басқа компанияға қайта ресімдеу мүмкін бе? Немесе қайтадан алу қажет пе?

Жауап:

Жұмыс беруші – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта құрылған, сондай-ақ оның шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатта көрсетілген атауы немесе деректемелері өзгерген жағдайда бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші қайта құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсатты жаңа нөмір бере отырып, қайта ресімдейді.

20 желтоқсан, 2018 - 10:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші