You are here

Бизнес-иммигранттарға арналған жұмысқа рұқсат

Қайырлы күн, Тамара Қасымқызы. Келесі сұрақты түсіндіруді сұраймыз. ЖШС-нің құрылтайшылары мен C5 санаттағы визасы бар шетел азаматы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға құқылы емес пе? Жауап бергеніңіз үшін рахмет.

Жауап:

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасындағы бизнес-мигранттар жүзеге асыратын іскерлік қызметке қатысты хатты, келесіні хабарлайды.

2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 34-бабының 2) тармақшасына сәйкес Заңы (бұдан әрі - Заң), бизнес-иммигрантар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер.

Қазақстан Республикасының аумағында бизнес-иммигрантардың, болу шарттары және олардың кәсіпкерлік қызметі Заңның 40-бабында анықталған.

Заңның 40-бабына сәйкес бизнес-иммигрант Қазақстан Республикасының аумағына кірген, күннен бастап екі айлық мерзім ішінде:

1) Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеуге немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметтін жүзеге асыруатын коммерциялық ұйымдар қатысушыларының (акционерлерінің) құрамына кіруге;

2) заңды тұлғаны тіркеу кезінде оның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен мөлшерден кем емес ақша сомасын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне енгізуге міндетті.

Бизнес-иммигранттар осы бапта белгiленген мiндеттердi орындамаған жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде бизнес-иммигрантардің болу мерзімі олардың ерікті түрде кетуіне қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім қабылдайды.

Бизнес-иммигрант ретінде келуге виза алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысына 2-қосымшаға 2-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік қызметі іске асыру үшін келген бизнес иммигранттар үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат талап етілмейді.

Осылайша, егер шетел азаматы Заңның 40-бабында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда, онда оған Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талап етілмейді.

20 желтоқсан, 2018 - 10:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші