You are here

Жұмысқа рұқсаттар.

Мына жағдаймен көмектесе аласыздар ма?

«А» ЖШС-нің заңды және нақты мекенжайын Алматы қаласында болды, жұмыс істеуге рұқсат Алматыда берілді және ол үшін визалар алынды, жақында ЖШС заңды мекенжайын бір қаладан екіншісіне, яғни Алматыдан Астанаға, өзгертті.

Сұрақ:

Астана қаласына жұмыс рұқсатын қайта рәсімдеу қажет пе?

Жұмыс рұқсаттарының мерзімі аяқталған жоқ.

Жауап:

Сұрағыңызға келесіні хабарлаймыз.

«Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартады.

Осылайша, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді немесе оларды ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады. Сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және олардың күшін жояды.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат басқа жұмыс берушілерге берілмейді, жұмыс берушіге рұқсат алған шетелдік жұмыскерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктегі кәсіпорындарға, ұйымдарға бір жылда күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іс-сапарға жіберген жағдайларды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әрекет етеді.

Баяндалғанның негізінде, Сізге Астана қаласында, шетелдік жұмыс күшін тартуға жаңа рұқсаттар алу қажет. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіздің оған «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес шағымдануға құқығыңыз бар.

20 желтоқсан, 2018 - 10:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші