Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар оралман мәртебесінің мерзімін ұзарту үшін жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорация арқылы өздеріне бұдан бұрын берілген оралман мәртебесін ұзартуға өтініш береді. Өтініш беру мерзімі өздеріне бұдан бұрын берілген оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс. Оралман мәртебесінің мерзімі бір рет қана ұзартылады жене 3 (үш) айдан аспауға тиіс. Жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің деректерін «Оралман» ДҚ ААЖ арқылы өтініш берушінің оралман мәртебесінің тоқтатылуы және оның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы туралы мәлметтердің болуы мәніне тексереді. Оралман мәртебесін ұзартудан бас тартудың негізі өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанының «Оралман» ДҚ ААЖ арқылы расталуы, өтініш беру мерзімінің өтуі болып табылады.