You are here

Оралмандарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы қалай белгіленеді?

Өңірлік квота халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен оралмандардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына енгізеді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға белгілейді.

20 желтоқсан, 2018 - 09:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші