You are here

Ауылдарда микрокредит алып жатқандар қосымша 11 600 жұмыс орнын құрды

Еңбек

2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы үш бағыт бойынша   жүзеге асырылуда:

1 –техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту ;

2 –жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

3 –халықты жұмысқа тарту арқылы еңбек нарығын және еңбек ресурстарының тұтастығын дамыту .  

Ағымдағы жылдың 11 айында жәрдемдесу шараларының арқасында  632 мың қазақстандық жұмыспен қамтылды.  2018 жылдың 1 желтоқсанына қарағанда 484 мың адам жұмысқа тұрды,оның ішінде 76 пайызы немесе 368 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Бірінші бағыт бойынша жыл сайынғы  техникалық және кәсіптік білім беру бойынша кадрлар дайындауға қабылдау жоспары 21 мың адамды құрайды.

Бұл шара  оқу орнына түсе алмай қалған   мектеп түлектерін алғашқы мамандықпен қамтуға бағытталған. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша оқуға 20 236 адам жіберілді. 

Сонымен қатар бағдарламаға қатысушыларға «Атамекен» ҰКП оқу орталықтарының және колледждердің  базасындағы  қысқа мерзімді курстар аясында мамандық алуға мүмкіндік жасалады.  

Биыл 37,3 мың адамды оқыту жоспарланып отыр және 2018 жылдың 11 айында оқуға 41,5 мың адам жіберілді немесе жылдық жоспардың 111 %. Республика бойынша 34,4 мың адам қысқа мерзімді кәсіптік білім алса, оның 23,4 мыңы жұмысқа орналасты.  

Екінші бағыт аясында жыл басынан бері 12 840 микрокредит берілді, оның  11 629 ауылдықтарға берілген несие, бұл жылдық жоспардың 106% . Қалаларда – 1 211 немесе жылдық жоспардың  40% . Ауылдардағы микрокредиттің орташа көлемі  3,5 млн теңге, ал қалаларда – 11 млн теңгені құрайды.

Ауылда микрокредит алғандардар қосымша 11 664 жұмыс орнын құрып отыр.

«Бастау-Бизнес»  жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытумен  27,5 мың адам қамтылды (98%),соның ішінде  18,4 мыңы өз бизнес-жобаларын қорғап шықты, оның  6,9 мыңы микрокредит алды.  

Үшінші бағыт аясында  жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  мына шаралары қарастырылған: әлеуметтік жұмыс орнына тұрғызу, жастар  тәжірибесіне және қоғамдық жұмысқа жіберу, мемлекеттік қолдау көрсету арқылы аймақтан аймаққа көшуде еңбек ресурстарының тұтастығын қамту.  

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, субсидияланған жұмыс орындарына 129 мың адам тұрғызылған, немесе жылдық жоспардан 114%  (әлеуметтік жұмыс орындарына  – 22 мың адам, жастар тәжірибесіне  – 27 мың, қоғамдық жұмысқа  – 80 мың).

Еңбек ресусртарының тұтастығын қамту  үшін  еңбек күші артылып жатқан оңтүстік өңірлерден  1 733 отбасы көшірілді, ол - 6 367 адам.  2 035 адам жұмысқа орналасты, немесе еңбекке жарамды жарастағылардың  66%  (3 071),оның ішінде  150  адам кәсіпкерлікпен айналысады.

19 желтоқсан, 2018 - 11:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші