check

You are here

Жаңа туған баланың күтімі бойынша жұмыскерлерге қандай төлемақылар қарастырылған?

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 100-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге баланың анасына не әкесіне (ата-ананың таңдауы бойынша) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

Бала күтімі бойынша жалақы сақталмайтын демалыста болған кезде баланың анасы не әкесі Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемақы тағайындау үшін өтініш беруге болады.

Әлеуметтік төлемақыны тағайындау тәртібі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Әлеуметтік төлемдер әлеуметтік тәуекел келген кезде Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген тұлғаға тағайындалады.

Осы Заңның 1-бабы 8-тармағына сәйкес әлеуметтiк қатерге бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы жатады.

Осылайша, баланың анасы не әкесі бала күтіміне байланысты табысынан айрылса, көрсетілген әлеуметтік төлемақыны тағайындауға баланың туу туралы куәлігін алғаннан кейін жүгіне алады.

14 желтоқсан, 2018 - 15:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші