check

You are here

Қызметкерлерге ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен еңбекақы белгіленуі мүмкін бе?

ҚР Еңбек кодексінің  (бұдан әрі – Кодекс) 104 бабына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстемеақыларды, өтемақы мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандырушы төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төленеді.

Сонымен бірге, кодекстің 104-бабы 3-тармағына сәйкес бірінші разрядты жұмыскердің еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төмен мөлшері немесе айлық тарифтік мөлшерлемесінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Осыған орай, қызметкердің жалақысының мөлшері қосымша ақылар мен үстемеақыларды қоспағандағы ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы қажет.

Бұл ретте, қызметкердің жалақысы қосымша ақылар және үстемақыларымен бірге нақты жұмыс істеген уақытына қарай төленеді.

 

 

 

 

14 желтоқсан, 2018 - 11:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші