You are here

Ең төменгі жалақы мөлшерінің артуына байланысты 42 500 теңгеге өзгеруіне байланысты қандай қызметкерлердің жалақысы артты? Қандай қызметкерлерге? Мемлекеттік бюджеттен қанша қаражат бөлінеді?

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге арттырылды, яғни 42 500 теңгені құрады, тиісінше қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауында жатқан «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тиісті түзетулер енгізілді.

Бұл ретте, ҚР Конституциясына және Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшеріне мемлекет тарапынан кепілдік берілген.

Яғни, еңбек нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауы қажет.

Осыған байланысты, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының өсуі, еңбекақылары ең төменгі жалақы мөлшерінен, яғни 42 500 теңгеден төмен болатын жұмыскерлердің еңбекақысына әсер етті.

Аталған бастама шамамен 275 мың азаматтық қызметшілерді қамтыды, олар үшін жалақы өсімі ең төменгі жалақыны арттырғаннан кейін орта есеппен 30%-ды құрады.

Бұл, ең алдымен, 1-4 разрядтағы жұмысшыларды, арнайы орта білімі бар санаты жоқ және еңбек өтілі аз негізгі, әкімшілік және техникалық персоналдар сияқты азаматтық қызметшілер санатын қамтыды.

Мысалы, қосалқы және техникалық персонал ішінде  - іс жүргізушілер, мұрағатшылар, хатшылар, операторлар және т.б. қызметкерлерді қамтиды.

Әкімшілік  персоналдардан – техниктер, аудармашылар, әдіскерлер, бухгалтерлер және т.б. арнайы орта білімі бар қызметкерлерді.

Негізгі персоналдардың арасынан, арнайы орта білімі бар санаты жоқ және еңбек өтілі аз мамандар:

білім саласында – жалақының өсуі негізінен бастауыш сынып мұғалімдерін, қосымша білім беру педагогтарын, тәрбиешілерді, әдіскерлерді, лаборанттарды және тағы басқа қызметкерлерді қамтитын болады;

денсаулық сақтау саласында – мейіргерлерді, фельдшерлерді, акушерлерді, тіс технигін және т.б.;

өзге салаларда – әлеуметтік қызметкерлерді, мәдениет және өнер, спорт, ауыл шаруашылығы қызметкерлерін, әртістерді, мұрағатшыларды, жаттықтырушыларды, спортшыларды, техниктерді, негізгі қызмет инженерлерін және тағы басқа қызметкерлерді қамтитын болады.

Одан басқа, жалақының өсуі тиісті иерархия бойынша өзара байланысты коэффициенттерді арттыру арқылы жалақысы жаңа ең төменгі жалақы мөлшерінен жоғары болатын 300 мыңнан астам штаттық бірліктегі қызметкерлерді де қамтыды. Бұл жағдайда, коэффициенттердің арттырылуы лауазымдар арасында разрядаралық интервалдарды сақтау үшін қажет болғандықтан, оның мөлшері айтарлықтай елеулі емес.

Жалпы бюджет саласындағы азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыруды қаржыландыру үшін 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте Үкіметтің резервінен жыл сайын 86 (сексен алты) миллиард теңге көзделетін болады.

12 маусым, 2019 - 11:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші