Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау
және көші-қон комитетінің
аумақтық бөлімшелерінің бақылау
субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы
арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету саласында және мүгедектерді
әлеуметтік қорғау аясында
профилактикалық бақылау жүргізуінің
2019 жылдың бірінші жартыжылдығына
арналған тізімін бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелерінің бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында профилактикалық бақылау жүргізуінің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тізімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға және аумақтық бөлімшелерге 2018 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі М. Әбілқасымова
Тіркеме | Мөлшер |
---|---|
![]() | 282 KB |
![]() | 469 KB |