check

You are here

қоныс аударушы атында басқа қалада тұрғын үйі бар аудан аралық квотаға қосуға бола ма

Алматы облысының тұрғыны Өзіхан Сайлаухан ШҚО, Аягоз қаласына қоныс аударуға ниетті, бірақ Семей қаласынан ф№2 бойынша өз атында тұрғын үйі бар, осы адамды қоныс аударушылар қатарына  қосуға бола ма , жауабын берулеріңізді сұраймын.

Жауап: 

Құрметті Ерасыл Тулегенович!

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Сіздің хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 746 қаулысымен бекітілген
) сәйкес Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы қоныс аударушылардың шығу өңірлері болып айқындалған. Ал Қазақстан Республикасының Үкіметімен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысымен бекітілген)   қоныс аударушыларды қабылдау өңірлері болып Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары айқындалған.

Бағдарламамен қоныс аударушыларды мемлекеттік қолдау шаралары ретінде келесідей субсидия түрлері қарастырылған:

1. Отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Көшуге арналған материалдық көмек жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.

2. Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге
15 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерлерде материалдық көмек беріледі.

Сонымен қатар, «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығының 42-тармағының 2-абзацына сәйкес Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жері бойынша соңғы 6 айдан астам мерзімде меншік құқығында тұрғын үйі не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйі бар болған жағдайда жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй не жатақханадан бөлме берілмейді, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төленбейді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Өзіхан Сайлаухан Алматы облысының тұрғыны болса, онда оны Бағдарламаға қатысушылар қатарына қосуға болатындығын хабарлаймыз.

Алайда атында тұрғын үйі болған жағдайда оған тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төленбейтінін ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 353291
13 желтоқсан, 2018 - 18:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші