check

You are here

Жетекші халықаралық ұйымдардың еңбек нарығы туралы шолуы

Форум

Өздеріңізге мәлім, 2018 жылдың 29 қарашасында Астана қаласында «Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер» форумы өткізілуде. 

Қазақстан халықаралық сарапшылар мен ірі жұмыс берушілер және мемлекеттік органдар үшін  болашақтың еңбек нарығын құру бойынша дамудың жалпы бағытын анықтау мақсатында өзара диалог орнату  платформасын ұсыну туралы бастаманы көтерді. 

Бұдан әрі жетекші халықаралық ұйымдардың еңбек нарығы туралы шолуы ұсынылған.

Бүгінде бүкіл әлем үлкен өзгерістерге тап болуда: технологиялық, экономикалық және әлеуметтік. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында атап өткендей, «Жаңа онжылдықтар – жаңа экономикалық өсім- жаңа мүмкіндіктер», жаһанды сын-тегеуріндерге жауап беру және Қазақстанның сәттілік кепілі оның ең басты байлығы – адами капиталды дамыту. 

Адами капиталды  дамыту және еңбек нарығының болашағы Экономикалық ынтымақтастық және даму  ұйымы елдері мен  Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік экономикалық форум, Халықаралық еңбек ұйымы, Азиялық даму банкі сияқты халықаралық ұйымдардың басты назарында тұр. 

2018 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Жұмыс орындарын құру және аймақтық экономикалық даму. Болашақтың жұмысына дайындалу» туралы ЭЫДҰ елдерінің есебінде  аймақтық және жергілікті  еңбек нарығына  технологиялық прогресстің әсері қарастырылуда.  Соның ішінде автоматтандыру тәуекелдерінің географиялық таралуын ұсынады және зерттейді,  автоматтандыру барысында  жұмыс орындарын құра отырып, жоғалған жұмыс орындары толтырыла ма деген тәуекелдер бар.  Сондай-ақ, икемді жұмыспен қамту тәртібі мәселесі қарастырылуда, өзін-өзі жұмыспен қамту және еңбек нарығына халықтың осал топтарын тартуға басымдық жасау көзделген. 

2018 жылдың басында Дүниежүзілік банк  әлемдік даму туралы (WorldDevelopmentReport) өзінің баяндамасы үшін «Жұмыс сипатының өзгеруі» (Thechangingnatureofwork) жайында есебін жариялады.  Есеп болашақтағы жұмыстардың сипаты және табиғатына қарай технологиялық жетістіктердің келешегіне баға беруге бағытталған.  Баяндамада үкіметтерді жалпы  кепілдендіріген ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік қорғауды қамтуға шақырады. Бұны еш қажеті жоқ субсидияларды тоқтатуға, еңбек нарығын реттеуді  жақсартуға, салық саясатын қайта қарауға бағытталған  реформа арқылы жүзеге асыруға болады. 

2018 жылдың 17 қыркүйегінде Дүниежүзілік Экономикалық Форумның «Жұмыс орындарының болашағы» есебі жарияланды.  Аталған баяндамада бизнес, үкімет және жұмысшылар жаһанды еңбек нарығының жаңа көріністерін жүзеге асырып, белсенді түрде жоспарлауға басымдық жасалған.  ДЭФ есебінде жұмыс орындарының болашағына әсер ететін негізгі трендтер тізіліп шыққан. Бұлар- қазіргі заманғы технологиялық жаңашылдықтар, қазіргі заманғы робототехникалық технологияларды тездетіп  енгізу.  Сондай-ақ бұл есепте өндірістің географиялық таралуына айтарлықтай өзгерістер енетінін және құнын құру болжанған, қайта біліктіліктен өткізу маңыздылығы және талап қойылып отырған дағдылдардың тұрақсыздығы артып отырғаны айтылған.

Халықаралық еңбек ұйымы Жаһандық комиссия  еңбек нарығының болашағы туралы есебін 2019 жылдың 22 қаңтарында   жариялауды жоспарлап отыр. Бұл есеп ұйымның жүз жылдығымен сәйкес жарияланбақ.  Баяндамада болашақтың еңбек нарығына жету қадамдары ұсынылады, әлемдегі жылдам дамып жатқан трансформациялық өзгерістер аясында лайықты, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктері айтылады.   Жастарды жұмыспен қамту, формалды емес жұмыспен қамту, табыс көзінің теңсіздігі, біліктіліктің жоқтығы, ауыл экономикасы, цифрлық ажырау және гендерлік теңдік  мәселелеріне тиісінше назар бөлінеді. Баяндамада жаһанды және ұлттық экономикалық саясаттағы басымдықтардың өзгерістеріне бағытталған  жаңа, экономикалық өсімге және дамуға қатысты  нақты ұсыныстар айтылады. 

2018 жылдың сәуірінде Азия Даму  Банкі  Азия елдерінің дамуына шолуын жариялады (AsianDevelopmentOutlook). Ол «Технология жұмыс орындарына қалай әсер етеді» деген атаумен шықты.   Аталмыш құжат жұмыс орындарының көбеюі және технологиялық өзгерістер аймақтардың еңбек нарығына қалай әсер ететінін ашып айтады.  АДБ есебіне сәйкес, бүгінде Азияның көптеген бөлігінде автоматтандырудың экономикалық мақсаты   артта қалып отыр. Бұл орайда жаңа еңбекжинақтаушы  технологияны енгізу қалыс қалды.  Осыдан еңбек нарығының болашағын құру барысы бәсеңдеп отыр.  Технологиялық прогресс қисыны және экономикалық өсім жаңа мамандықтардың пайда болуына әкеп соғады, ал бұл жұмыспен қамтудың одан әрі артуына көмегін тигізеді.  

Халықаралық ұйымдармен қатар жекелеген елдер жаңа бағыттарды енгізіп жатыр.  Мысалы, Германияда жұмыспен қамту   4.0 ( Arbeit 4.0).  Бұл Германиядағы болашақ жұмыс орындарын талқылайтын тұжырымдама болып табылады.  Тұжырымдамада Индустрия 4.0 және қарқынды цифрландырудың әсерінен 2030 жылға дейін жұмыс орындары қалай өзгеретіні жазылған.  Тұжырымдама бірінші рет 2015 жылдың қарашасында  Федералды еңбек және әлеуметтік істер министрлігімен(BMAS) «Жұмыспен  қамтуды қайта ойлау: 4.0 жұмыспен қамтудың жасыл кітабы» деген атаумен    енгізілді.  Жұмыспен қамту 4.0 цифрлы технологияны қолдану (мысалы, Интернет) және икемді жұмыспен қамту тәртібінің артуын қамтыған интеграцияның жоғары деңгейінде  және әріптестік негізде мінездеме беріліп отыр.  4.0 жұмыспен қамтудың басты қозғаушысы  цифрландыру, жаһандану, демографиялық өзгерістер (қартаю, көші-қон) және мәдени өзгерістер болып табылады.

Осылайша біз болашақ еңбек нарығының мүмкіндіктері мен жаһандық қызығушылық танытып отырған мәселелерді бақылап отырмыз. Қазақстан  еңбек ресурстарының әлеуеті көп, дамушы ел бола отыра, халықаралық қауымдастықтың  болашаққа көзқарасын бөліседі.    

ЭЫДҰ елдері еңбек нарығын қысып отыр, алайда бос жұмыс орындары көбеюде

 Бұл жайында ЭЫДҰ Employment Outlook 2018 жылдың 4 шілдесінде жарияланған есебінде айтылды.  Аталмыш есепте ЭЫДҰ елдерінің еңбек нарығының келешегі мен үрдісі қарастырылған.  Бұл зерттеу еңбек нарығының нақты аспектілеріне және жұмыспен қамтуды жақсарту және кеңейтуге бағытталған  саясаттың салдарына арналған.

ЭЫДҰ елдерінің еңбек нарығының көрінісі әлі күнге дейін сапасы жағынан және жұмыс орындарының қауіпсіздігі жағынан аралас сипатта.  Ал өз кезегінде халықтың еңбекке  жарамды жастағылар  арасында кедейшілік деңгейі 2015 жылы 10,6 пайызға жетсе, он жыл бұрын ол 9,6 пайызды құрағанды.   Бүгінде еңбек нарығына қауіп төндіріп отырған фактінің бірі-  жалақының айтқысыз тұралаушылығы  жоғары жалақы алатын жұмыста жүргендерге қарағанда, төмен жалақы алатын жұмысшыларға әлдеқайда әсер етіп отыр.  Еңбек нарығы қысылып жатыр және жұмыс орындарының саны артып, орны толтырылмай отыр.  Негізгі себеп- өнімділіктің артуы бәсеңдеу болып отыр. Алайда бұл бәсеңдеу себебі макроэкономикада қызу талқыланатын мәселелердің бірі. ЭЫДҰ хатшылығының мақұлдауынша, еңбек өнімдлігі және жұмыспен қамту артып  жатқан кезде жалақының төмендеуі жұмысшыларға көмектің қажеттігін  көрсетіп отыр. Әсіресе біліктілігі төмен азаматтарды мемлекет тарапынан қолдау қажет. Мақсатты шаралар және әлеуметтік әріптестермен тығыз қарым-қатынас  жасап, жұмысшыларға тез дамып жатқан еңбек нарығында бейімделуге көмектесу  қажет.

Төмен инфляция және өнімділіктің артуы еңбекақының тоқырауына әкеп соқты, сондай-ақ аз жалақы төлейтін жұмыс орындарының артуына себепші болды. Есепте жұмысшылардың орташа жалақысының қысқаруы, толық жұмыс істейтін жұмысшылармен салыстырғанда, жұмыс күні толық емес жұмысшылар мәселесі көрсетілген.  Жоғарыда аталған үрдіс көптеген елдерде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны қысқартуға және ұзақ мерзімді жұмыссыздықты сақтауға әкеп соғуы мүмкін. ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда әрбір үшінші жұмыс іздеуші жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады, ал дағдарыстан кейін көптеген елдерде жәрдемақыны төмендетуге әкелетін ұзақ мерзімді үрдіс сақталып отыр.

Қазақстанның ЭЫДҰ жобасына қатысуы  білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

2017 жылы  ЭЫДҰ Қазақстанға «Біліктілік бойынша ЭЫДҰ стратегиясы» жобасына қосылуды ұсынды.  Оған білім беру комитеті, еңбек саясаты және әлеуметтік мәселелер комитеті, шағын және орта бизнес бойынша жұмыс тобы тартылды. 

Әр комитетпен жекелеген жобалар жасалып жатыр, негізгі басымдық – білім саласына жасалып отыр  – PISA және PIAAC.  2019 жылы Қазақстан тұңғыш рет  PIAAC есебіне кіргізледі. Онда үлкендердің біліктілігін бағалайды- сауаттылығын, арифметика мен технологиялық саладағы проблемаларды шешуі. 

Бұл жоба Мемлекет басшысының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы жолдауындағы елімізде адами әлеуетті көтеруге қатысты  тапсырмасымен толық сәйкес келіп отыр.  «Біліктілік бойынша ЭЫДҰ стратегиясы» жобасына қатысу еліміздің білім беру жүйесін  «цифрлық дәуір»жаңа индустриялизация талаптарына бейімдеуге  және ұлттық еңбек нарығының тиімдлігін арттыруға көмектеседі. 

Ұсынылған жобаның нәтижесінде біліктіліктің Ұлттық стратегиялық дамуы жасалады. ЭЫДҰ мына қадамдарды не үшін ұсынып отыр:  Қазақстандағы біліктілік жүйесін карталау  (mapping)  институттарды, саясаткерлер мен қызығушылық танытқан тараптарды  жақсы түсінуге қажет. Ол сұраныс пен біліктілік бойынша ұсыныстарға әсер етеді;  келісілген саясат; ұсынылған саяси ұсынымдар және Қазақстанның диагностикадан іске көшуі жолдарын анықтауға көмектеседі. 

2030 жылға дейін дамушы Азия елдерінде жұмыс күшінің саны  жылына 11 млн-ға адамға артатын болады

Бұл жайында Азиялық Даму Банкінің «Технология  жұмысқа қалай әсер етеді»  шолуында айтылған. Бұл шолу 2018 жылдың сәуірінде жарық көрді. Аталмыш құжат  жұмыс орындарының артуын, технологиялық өзгерістерді, жұмыс барысын атвоматтандыру мақсаты және жұмыс күштерінің орнын ауыстыру есебінен өнімділікті арттыру азиялық аймақтардың еңбек нарығына әсер етенін назарға алып отыр.

Шолуда Азияның көптеген аймақтары автоматтандырудың экономикалық мақсаты  технологиялық жүзеге асырудан қалыс қалып отырғаны айтылады. Осылайша жаңа еңбекжинағы технологияларын енгізу бір жақта қалып жатыр. Өз кезегінде жоғары өнімділік жаңа тауарлар мен қызмет түрлерін түрлендіріп, автоматтандырудан жұмыс күшінің орын ауыстыруы теңестіріледі. Онымен қоса техникалық өрлеу және экономикалық өсім  жаңа мамандықтар мен салалардың пайда болуына әкеледі, бұл жұмыспен қамтудың одан әрі дамуына ісер етеді. 

Болжам бойынша 2015 жылдан  2030 жылға дейін Азияның дамушы елдерінде жұмыс күшінің саны жылына 11 млн адамға жететін болады. Бұл дегеніміз, Азияның алдында  көп жұмыс орындары ғана емес, олардың сапасын жақсарту міндеті тұр.  Бүгінгі күні дер кезінде білімге, инфрақұрылымға, зерттеу мен дамуға, саясатқа, макроэкономикалық тұрақтылықты қолдауға жеткілікті инвестиция құю, сауда және шетелдік инвесторларға ашық болу, инвестициялық  жағдай жасау, бизнес қолайлығын орнату жұмыспен қамту проблемаларының жалпыға мәлім шешімі болып табылады.  Дегенмен, еңбек нарығын жақсартуға арналған бірқатар шаралардың тиімдлігіне қатысты күмән де  көп.    

29 қараша, 2018 - 15:41 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші