check

You are here

Еңбек министрлігі «икемді» жұмыспен қамтудың салықтық және әлеуметтік жүйесін дайындауды ұсынады

Форум

Еңбек қатынастарының жаңа тәртібін және құндылықтарды  өзгерту еңбек қызметінің кескінін өзгертеді, дәстүрлі жұмыс, толық жұмыспен қамтылу, белгілі  бір жерге байланып, шыға алмауға шектеу болып табылатын жағдайлар болмайды,сондықтан өткен ескілік артта қалады.   Оның орнына жұмыспен қамтудың ыңғайлы және мобильді тәртібі дамиды. Бұл жұмысшыларға өз жұмысын атқарудағы кестесін реттеуге, қосалқы түрде қызметтің бірнеше түрін атқаруға мүмкіндік береді.  

Қазақстан алда тұрған өзгерістерге дайын болуы керек.

Кәсіпорындардағы ыңғайлы жұмыс кестесі айтарлықтай кең тарамаса да, Қазақстанда гиг-экономика (қашықтықта еркіндікте жұмыс істейтіндер) даму үстінде. Бұған YandexTaxi сияқты онлайн-платформада жұмыс істейтін компанияларды мысал ретінде келтіруге болады.  

Бұл жұмыс барысын дамыту үшін  еңбек нарығын  нормативтік –құқықтық реттеуге түзету енгізу керек. Жұмыспен қамтудың жан-жақты  мүмкіндіктерін қолдау және жұмыспен қамтудың ыңғайлы тәртібін ұсынған жұмыс берушіні ынталандыру мақсатында жасалатын қадам; жұмысшылардың еңбек жағдайларына  ризашылықпен қарауына, өтемақы тәртібі және тағы басқа; жұмыс режиіміне өзгеріс енгізетін салықтық және әлеуметтік-қамту жүйесін дайындау, өзін-өзі жұмыспен қамтудың кең таралуын, жұмыспен қамтылғандардың артуын қамту және тағы басқа.  

Сарапшылардың мәліметінше, икемді жұмыспен қамтудың  моделі  еңбек нарығының динамикасының артуына тиімді болып отыр. Осындай факторлардың арқасында икемді  жұмыстың тәртібімен қамтылған жұмысшылардың өнімділігі артады. Мысалы, BritishTelecom компаниясында 30 пайызға артқан; жұмысқа жалдану барысында ұйымдар өтініш білдіретін кадр қоры кеңейтілген; жұмыс күшінің алуан түрі артты, бұл корпоративтік мәдениетке айтарлықтай үлес қосты; икемді жұмыспен қамтудың  тәртібі аясында жұымсшылардың ауру-сырқауы 12 пайыздан 2 пайызға төмендеді; компаниялар стандартты 9:00-18:00 кестесінен тыс жұмыс істей алады.  

Бұл орайда, дамыған елдерге қарағанда дамып жатқан елдердің еңбек нарығына өзгерістер енгізу соның ішінде Қазақстанда  баяу жүзеге асатын болады. Егер дамыған елдерде  болашақ жұмыс орындарының пайда болуы жақын 5 жылда жүзеге асатын болса, дамып жатқан елдерде бұл 8 жылдан 10 жылға дейін жүзеге асатын болады. Бұл дамып жатқан елдерде жаңа технологияларды енгізудің баяу жүріп жатқанымен байланысты. 

Еңбек нарығы алдында  үш жаһанды талап тұр.

Олар еңбек нарығын түбегейлі өзгеріске әкелуі мүмкін  сұраныстың теңсіздігін нығайтып, жұмыс күшін ұсыну. Бұл: технологиялар мен цифрландыруды дамыту; еңбек ресурстарын таратудағы өзгеріс; еңбек қарым-қатынасының жаңа тәртібі және жұмыс күшінің құндылығы.

Еңбек нарығындағы өзгерістер әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, экологиялық және саяси негіздегі жаһанды трендердің әсерінен орын алуда. Олар әлемнің , соның ішінде Қазақстанның еңбек нарығының дамуына әсер етуде. Бұл өзгерістердің салдары жұмыс орындарын құру барысында  жұмыс күшімен қамту, жұмыс күшінің кәсіпқой құрылымын қамту  еңбек нарығына қатысушылардың бәріне қатысты болады- жұмыс берушілерге, азаматтарға,  елдердің үкіметтеріне. 

Өздеріңізге  мәлім,  ХХ ғасырдың соңы  ХХI  басы жаңа технологиялардың дамуына  түрткі болды.  Бұған   әр екі жыл сайын екі еселенетін , құны әр үш жыл сайын  75 пайызға төмендейтін қуаттылықты есептеудің қарқынды өсуі әсер етті.  Бұл басқа технологиялардың тез тарап, дамуына мүмкіндік береді. Бұл мобильді интернет және бұлттық технологиялар,  қауаттылықты есептеудің өсімі  және «үлкен мәліметтер», жаңа технологиялар,  энергия көзі, интернет таралымы, бірлесіп қолдану экономикасы, краудсорсинг, робототехника және автономды көлік, жасанды интеллект, индустрия 4.0 және 3D –басымыл.  

Автоматтандыру және цифрландыру адам өмірінің барлық қажеттілігіне таралады және кәсіпорындар қызметіне, сондай-ақ еңбек өнімділігінің артуына, бизнес-модельге және оның барысына өзгеріс әкеліп,  жұмыс орындарының жоғалуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, еңбек қызметтерінің және қызмет түрлерінің пайда болуына  әсер етеді.

«Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер» форумы  ҚР Үкіметімен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстан Ресубликасындағы  «Шетелдік инвесторлардың Қазақстандық  Кеңесі»  Қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған.    

Бұл  4-і Өндірістік революция жағдайында әлемдік еңбек нарығындағы қарқынды өзгерістер контексінде Қазақстандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік саланың мүмкіндіктерін талқылауға арнлаған алғашқы тематикалық алаң.

 

29 қараша, 2018 - 15:16 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші