check

You are here

Ең төменгі жалақыны көтеру аясында 2019 жылы экономикадаға орташа жалақы көлемі 162 075 теңгеден 176 865 теңгеге көтеріледі

Ең төменгі жалақыны көтеру

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы  Қазақстан халқына Жолдауында  Үкімет пен жергілікті басқарушы органдардың басшылары алдына халықтың өмір сүру сапасын жақсарту  және  табыс көзін көтеру міндеттерін қойған болатын.

Қазір Праламент Мәжілісінің қарауында жатқан «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы » ҚР Заң жобасына, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы көлемін 1,5 есеге яғни 42,5 мың теңгеге көтеру туралы өзгеріс енгізілген.

Сондай-ақ,   «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар туралы» Заңдағы ең төменгі еңбекақыны  ең төменгі күн көріс  шамасы негізінде белгілеу деген норма алынып тасталады. Нәтижесінде экономикалық өсімге  және еңбек өнімділігіне қатысты ең төменгі еңбекақы экономикалық реттеуші рөлін атқаратын болады, сондай-ақ өзінің еңбекақының ең төменгі стандарты рөлін сақтап қалады. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төмен жалақы алатын жұмысшыларды анықтау үшін аймақтарда және экономиканың салаларында жұмыс істеп жүрген жұмысшылардың жалақысына қатысты зерттеу жүргізді. 

Зерттеу қортындысы көрсеткендей, елімізде 64 753 заңды тұлғада еңбекақы көлемі 42,5 мың теңгеден төмен  477 066 адам жұмыс істейтіні мәлім болды.

2 250 ірі кәсіпорында  1 871 мың адам жұмыс істесе, оның 645 мыңы 80 мың теңгеге дейін көрсеткіште жалақы алады, 176 мың адам  – 80 мыңнан  100 мың теңгеге дейін, 163 мың адам- 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін жалақы алады.  Осылайша ірі кәсіпорындарда жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың 1 млны орташа еңбекақыдан төмен жалақы алып отыр. 

Шағын және орта бизнесте 2 млн жұмысшы 50 мыңнан 120 мың теңгеге дейін жалақы алады.

Еңбек Кодексінің 105 бабына сәйкес, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу еңбек жағдайлары қалыпты жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған мөлшерде, жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (мөлшерлемелер) немесе еңбек жағдайларын салалық келісімде айқындалатын зияндылық пен қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптайтын салалық коэффициенттерді ескере отырып, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде мөлшері айқындалатын қосымша ақылар белгілеу арқылы белгіленеді. 

Жалпы Республика бойынша бүгінде 22 салалық келісім бар, оның 8-і ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін жұмысшылардың салалық коэффициенттерін көтеруді көздейді. (тау-кен металлургиялық – 1,8; машина жинау- 1,1-1,3; химиялық- 1,5; мұнай-газ – 1,8; құрылыс- 1,5; теміржол-1,05-1,25; көмір өнеркәсібі- 1,7-4,0; электро энергия-2,0).

Салалық келісім бойынша, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті өндірісте  істейтін бірінші(одан да төмен) разрядтағы жұмысшының ең төменгі айлық көлемінің тариф мөлшері салалық коэффицентті көтеруге ең төменгі еңбекақы көлемін арттыру жолы  арқылы жұмыс берушімен бекітіледі.

Осыған сәйкес, ең төменгі еңбекақыны көтеру аясында еңбек жағдайлары зиянды өндірісте істейтін 380 мың жұмысшының жалақысы өседі. 

Жалпы ең төменгі еңбекақыны көтеру экономикадаға орташа жалақыны өсіруге себін тигізеді. Осылайша 2019 жылдан бастап орташа жалақы көлемі 162 075 теңгеден 176 865 теңгеге артады.  

Әкімдіктердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 22 қарашасына қарағанда республика бойынша 427 мың жұмысшысы бар 22 мың жұмыс беруші 225 мың жұмысшының жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді. Оның 322- ірі кәсіпорындар, 627- орташа, 20,9 мыңы -  шағын кәсіпкерліктер. 

Аталған кәсіпорындарда төмен жалақы алатын жұмысшылардың орташа жалақы көлемі 20% өсіп,  47,2 мың теңгеден 60,1 мың теңгеге артады.

27 қараша, 2018 - 16:48 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші