check

You are here

Еңбекминінде еңбек заңнамасын реформалау жөнінде ұсынымдар талқыланды

ҚР ЕХӘҚМ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде "ДЭФ ЖБИ рейтингісінің ондығына кіретін елдерде еңбек заңнамасын үрдістерін халықаралық шолу және сол елдердің тәжірибесін ескере отырып Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын реформалау жөнінде ұсынымдар туралы" тақырыбы бойынша Дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ірі кәсіпорындардың, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, солардың ішінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Атамекен ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Тенгизшевройл" ЖШС,   "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ, "Казахмыс Корпорациясы" ЖШС, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы,  Қазақстан еңбек конфедерациясы қатысты.

Дөңгелек үстел "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру" тақырыбына талдамалық зерттеудің нәтижелері бойынша,  соның бөлігінде: жұмыскерлерді жұмысқа жалдау және босату; жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлер қатынастарындағы әріптестік; жалақыларды белгілеу кезіндегі оралымдылық; еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезіндегі тараптардың аралас жауапкершілігін қолдану аясында жасалынды.

Көрсетілген тақырып бойынша зерттеу – Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру аясында бәсекеге қабілетті елдердің табысты тәжірибесіне негізделген заманауи тәсілдерді және реформаларды еңбек заңнамасына және оның практикалық іске асырылуына енгізу арқылы өте өзекті зерттеу болып табылады.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі – беделді халықаралық рейтингтердің бірі. Ол әлем мемлекеттерінің экономикалық дамуының тәуелсіз бағасын білдіреді, сонымен рейтингке Қазақстанның қатысуының маңыздылығын белгілейді.

Сондықтан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің ондығына кіретін әр елдің бірегей тәсілдері мен ерекшеліктерін зерттеу өте маңызды болып табылады. Зерттеудің нәтижелерін талқылау үшін "Фактор" жүйелі зерттеулер компаниясы" ЖШС-ның сараптамашылары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын реформалау бойынша ұсынымдарды презентация арқылы таныстырды.

21 қараша, 2018 - 15:46 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші