check

You are here

Жұмыс берушілер еңбекақысы төмен деңгейдегі жұмыс орындарын көп ұсынады

еңбекақы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы  осындай.

2018 жылдың 9 айында Қазақстандағы 200 халықты жұмыспен қамту орталығына 543,6 мың адам өтініш білдірген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 33,1 мың адамға көп ( 6,5%).

Жұмыс іздеп өтініш білдіргендердің  48,8%-н әйелдер құрайды, 38% - 29 жасқа дейінгі жастар және 17,7 % - өзін-өзі жұмысен қамтыған азаматтар құрап отыр.

Тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны  294,5 мың адам, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырған бұл көрсеткіш  81,7 мың адамға көп (немесе 38,4%).

Азаматтарды жұмыспен қамту барысы көрсеткендей, жұмысшылар еңбекақысы төмен жұмыс орындарын көп ұсынады.  Жұмыс іздегендердің 75% айлығы 50 мың теңгеден аздау жұмысқа тұрса, тек 2%  ғана 100 мың теңге және одан да жоғары еңбекақы төлейтін жұмысқа қол жеткізген. 

Онымен бірге жұмыс орындары туралы ақпаратты толтыру сапасы төмен болып отыр. Жұмыс берушілер ұсынған жұмыс орындарының  2% -да еңбекақы көлемі көрсетілмеген. Ал көптеген жағдайларда жұмыс берушілер ең төменгі жалақы көлеміндегі айлықты ұсынады. 

Жұмыс берушілермен өткізілген бетпе-бет тілдесу барысында жұмыс іздеушілер үшін әлдеқайда жоғары деңгейдегі еңбекақы қойылуы мүмкін.

12 қараша, 2018 - 15:49 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші