check

You are here

Электронды еңбек биржасында 50 мыңға жуық жұмыс орны бар, оның әрбір үшіншісі – ауыл шаруашылық саласында

ЭБТ

2018 жылдың 17 қазанындағы жағдай бойынша  еңбек Биржасына (www.enbek.kz) 51,2 мың жұмыс орны және  85,6 мың түйіндеме орналастырылды. Ұсынылып отырған жұмыс орындарының көбісі ауыл шаруашылық саласына қатысты- 36,3%, әлеуметтік салада– 12,8% (оның 7,7% білім, 5,1% денсаулық). Бұл ретте біліктілігі және еңбекақысы төмен жұмыс орындары басым болып отыр. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы осындай.

Одан әрі сұранысқа ие мамандық бойынша: сауда саласында  (9,5%), құрылыс  (9,2%), өнеркәсіп (6,2%), мемлекеттік басқару (6%), басқа да қызметтер (6,9%).

Өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар еңбек Биржасында маман іздеуде белсенділік танытуда. (мысалы,  «Қазақмыс»Корпорацияс» ЖШС - 1255 жұмыс орнын; «Востокцветмет» ЖШС - 812 жұмыс орнын; «KSP Steel» ЖШС - 6972 жұмыс; «БИПЭК АВТО» Компаниясы - 126 жұмыс) ұсынып отыр. «Тенгизшевройл» ЖШС 37 мердігер-компаниясы  11,9 мың жұмыс орнын ұсынуда.

Порталға қаржы секторынан жұмыс ұсынған 112 ұйым тіркелді.  Олар- қазақстандық банктер, филиалдары мен еншілес ұйымдары.Мысалы, «Банк Хоум Кредит» АҚ (282 жұмыс орнын), «Тұрын Үй Құрылыс Жинақ банкі» АҚ филиалы (155 жұмыс орнын),  «Нұрбанк» АҚ (125 жұмыс орнын), «Банк Центркредит» АҚ (79 жұмыс орнын),  «Евразиялық банк» АҚ  (75 жұмыс орнын) ұсынуда.

Еңбек Биржасында қызметкер іздеген жұмыс берушілер арасында квазимемлекеттік сектордағы компаниялар да баршылық: «Қазақстантеміржолы» ҰК» АҚ  (1102 жұмыс орнын);   «Зерде» ҰАКХ» АҚ (73 жұмыс орнын );   «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (21 жұмыс орнын); «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» АҚ  (942 жұмыс орнын); «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (30 жұмыс орнын) ұсынып отыр.

2018 жылдың 9 айында жұмыспен қамту орталықтарына 75,4 мың жұмыс беруші жұмыс орны туралы мәлімет берді. ( 2017 ж 9 айында - 53,5 мың.), оның ішінде 54 пайызы алғашқы рет ұсынып отырғандар.

Барлығы  588,1 мың бос жұмыс орны тіркелді, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 259,8 мыңға артық (немесе 79%-ға).

Жұмыспен қамту орталықтары 294,5 мың жұмыс орны бойынша мәліметті жапты. Себебі осы бойынша жұмыс іздегендер жұмыспен қамтылды.

Жұмыс іздеп сабылғандар электронды биржаға көп жүгінуде, ай сайын еңбек Биржасына 140-180 мың адам кіреді, ал порталды қарағандар саны 3,5 -нан 4,3 млн адамға дейін барады.

12 қараша, 2018 - 15:41 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші