check

You are here

Жұмыс берушілер тарапынан Enbek порталына ұсынылған жұмыс орнының 36,5 пайызы электронды түрде келіп түсті

бос орындар

Жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылған бос жұмыс орындарының 36,5% www.enbek.kz. порталы арқылы электронды түрде  келіп түсті.  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы осындай.

ҚР «Халықты жұмыспен қамту» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жұмыс берушілер үшін жаңа көпарналы тәртіп енгізілді. Жұмыс беруші жұмыспен қамту орталықтарына тікелей барып жатпай-ақ, Enbek.kz. порталы арқылы электронды түрде орталықтарға жұмыс орны туралы мәліметті бере алады.

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және «Зерде» ҰАКХ» АҚ бірлесе отырып,  еңбек нарығын және әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша 17 аймақтық жол картасын бекітті.

Жоғарыда айтылған жол карталары бойынша еліміздің барлық аймағы үшін еңбек Биржасына жұмыс іздеушілер мен кәсіпорындарды тартудың нақты индикаторлары анықталды.  2018 жылдың соңына дейін 15 мың жаңа жұмыс берушіні тарту көзделіп отыр. 

190 жұмыспен қамту орталығы немесе жұмысқа тұру барысында жұмыс іздеушілердің 95 пайызы Enbek. порталының көмегіне жүгінеді.  Елімізде жұмыспен қамтылған 294,5 мың адамның 21,3 пайызы  Enbek.порталының көмегімен жұмысқа тұрды.

Республика бойынша жұмыспен қамту мына аймақтарда төмен: Ақмола (19,9%), Ақтөбе (15,4%), Атырау (13,1%), Қостанай (18,6%), Қызылорда (17,6%), Маңғыстау (16,1%), Түркістан (11,7%), Шығыс -Қазақстан (2,4%)  облыстарында және  Шымкент қаласында (16,5%).

Бұл ретте 10 жұмыспен қамту орталығында жұмыспен қамту барысында Enbek порталы қолданылмайды. Олар мына аймақтарда: Бейнеу, Маңғыстау, Түпқараған ауданы (Маңғыстау облысы), Мақтаралы ауданы ( Түркістан облысы), Абай, Бесқарағай, Көкпекті, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаихин аудандары (Шығыс-Қазақстан облысы).

Республикалық деңгейден төмен көрсеткіштегі аймақтар:  Ақтөбе (26,4%), Батыс-Қазақстан (29,9%), Қарағанды (26,9%), Қызылорда (34,1%), Түркістан (17,7%), Солтүстік-Қазақстан (31,1%), Шығыс-Қазақстан (17,0%) облыстары және Алматы қаласы (17,9%).

12 қараша, 2018 - 12:15 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші