You are here

2018 жылдың қазан айының 1-ші күніне мемлекеттік әлеуметтік көмектер туралы

Жаңа форматағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

    Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2018 жылдың 1 қазанында аз қамтылған отбасылар қатарындағы 504,2  мың азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.   Республика  бойынша  аталған көмектің бір айда 1 алушыға шаққандағы орташа мөлшері  4870,4 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  66,6  пайызы  ауыл тұрғындарына төленді.

Шартты  және шартсыз ақшалай көмектер

   Өңірлік  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма-ларының  мәліметтері бойынша 2018 жылдың 1 қазанда шартсыз ақшалай көмек (ШАК)  76,4  мың адамға,  шартты ақшалай көмек (ШАК) 430,5 адамға  тағайындалды.    Республика бойынша  шартсыз ақшалай көмектің (ШАК)  1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 4839,5 теңгені, ал шартты ақшалай көмектің (ШАК)  1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 4183,6 теңгені құрады.

Тұрғын үй көмегі

  Өңірлік  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының  мәліметтері бойынша 2018 жылдың 1 қазанда тұрғын үй көмегі 61,5  мың отбасына  тағайындалды.   Аталған көмектің  бірайлық     ортақ мөлшері 3125,7 теңге. Көмектің мемлекеттік жәрдемақыға  бөлінген  қаражаттың  64,5 пайызы  қала тұрғындарына жіберілген.

                      Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

    Өңірлік  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басқарма-ларының    мәліметтері бойынша 2018 жылдың қазан айының 1 күніне үйде оқитын 13 мың мүгедек-балаларға тағайындалған. Аталған көмектің  ортақ мөлшері 4143,9 теңге. Көмектің мемлекеттік жәрдем-ақыға  бөлінген  қаражаттың  52,7  пайызы  қала тұрғындарына жіберілген.

 

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

Тұрғын үй көмегі

Үйде оқитын мүгедек-балаларға  жұмсаған шығындардың өтімі.

алушылар (мың. адам)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың. отбасы)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың. адам)

орташа мөлшері (теңге)

Қазақстан

504,2

4870,4

61,5

3125,7

13

4143,9

30 қазан, 2018 - 16:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші