X
egov

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңеске «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының жана редакциясы ұсынылды

Заң жобасы

2018 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде   Қоғамдық кеңес мүшелеріне      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының (бұдан әрі – Заң жобасы)  жана редакциясы ұсынылды.

Заң жобасы Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі еңбек өтілі мен төлем мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейтуге қатысты тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

      Оның негізгі мақсаты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарау жолымен міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін күшейту болып табылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2005 жылдың                       1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді және жұмыспен қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі болып табылады.

Бүгінгі таңда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 6 млн. жуық адамды қамтыған, жыл сайын 770 мыңнан аса адам жалпы сомасы                   160 млрд.теңгеге жуық төлем алады. 13 жыл ішінде 2005 жылдан                     2017 жылдар аралығында әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы – 905 млрд. теңгені құрады.

Заң жобасымен әлеуметтік қатерлердің 4 түрінің параметрлерін өзгерту көзделген: еңбек ету қабілетінен айырылғанда,  асыраушысынан айырылғанда, жұмысынан айырылғанда, 1 жасқа толғанға дейін бала күтімі жағдайына.

Дәлірек айтсақ, еңбек ету қабілетінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемнің мөлшерін анықтау еңбек ету қабілетінен айырылудың жеке деңгейіне байланысты ұсынылады,

Бүгінде, орташа айлық табысты анықтағанда жұмысында үзілістің болу болмауына байланыссыз соңғы 24 айдағы табыс ескеріледі. Бұл өз кезегінде төлем мөлшерінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан, нақты жоғалтқан табысын алмастыру мақсатында соңғы 3 жылда жұмыс істеген 24 айдағы  ең жоғары табысты ескеру ұсынылады.

Сондай-ақ жұмысынан айырылған адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыру мақсатында, төлемдерді алу ұзақтығын 4 айдан 6 айға дейін арттыру ұсынылады.

Асыраушысынан айырылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында асырауындағалар градациясын өзгерту және мемлекеттік жәрдемақы деңгейіне теңестіру ұсынылады.

Бүгінде МӘСҚ 1 баладан 4 балаға дейін асырауындағылар градациясында тағайындалады, ал бюджеттен 1 баладан 6 балаға дейін жәрдемақылар төленеді. Сонымен қатар, асыраушылар бөліндісінде қолданылатын коэффициенттер арасында да айырмашылықтар бар. Асыраушысынан айырылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында асырауындағалар градациясын өзгерту және мемлекеттік жәрдемақы деңгейіне теңестіру ұсынылады.

Мысалы, қазір 2 баласы бар отбасы үшін  МӘСК төленетін төлем коэффициенті 0,5 құрайды. Бұл коэффициентті  мемлекеттік бюджеттегідей  1,49 дейін ұлғайту ұсынылып отыр. Бұл төлемнің орташа мөлшерінің 16913 теңгеден 43619 теңгеге дейін өсуіне әкеледі. Ал егер отбасында 4 бала болса, орташа төлем 26327 теңгеден 67 986 теңгеге дейін өседі.

Жаңа бастамалар азаматтардың заңды жұмыспен қамтылуына қызығушылығын күшейтеді және жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қолдауды арттырады.

Қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерінің ұсынылған өзгерістерін талқылап, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезіндегі жаңа тәсілдер әлеуметтік төлемдердің мөлшерін, сондай-ақ алушылардың санын ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл өз кезегінде азаматтарымыздың әл-ауқатына жақсы әсер етеді және олардың өмір сүру сапасын жақсартады.

29 қазан, 2018 - 18:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші