X
egov

You are here

Астанада Еңбек күні мен Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы өтті

Форум

Салтанатты шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-қауымдастықтардың, кәсіподақтардың өкілдері қатысты.

Форум аясында еңбекшілердің фото-көрмесі өтті, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді, сонымен қатар «Еңбек жолы»және «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» республикалық конкурстарының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапатталды.   

Қазақстан Респуцбликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Мемлекет басшысының Жарлығымен Еңбек күні белгіленгенін еске сала кету қажет.

Форумда сөз алған министр Мәдина Әбілқасымова еңбек ардагерлері мен еңбек әулеттерінің отбасылық тәлім-тәрбиесінің дәстүрлерін нығайтудағы өз саласының мамандарын даярлаудағы ерекше рөлін атап өтті. Ведомство басшысы елімізде әлеуметтік қорғау жүйесінің жетіле беретіндігіне тоқталып, еңбек нарығындағы жаңа талаптарға бейімделіп, қазақстандықтарға уақытында және толық қолдау көрсету қажеттігін назарға алды.

 Елбасының тапсырмасы бойынша 2014 жылы «Еңбек ардагері» 2015 жылы «Еңбек даңқы» медалі бекітілді, сондай-ақ Министрлік Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай идеясын ілгерілету үшін 2016 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізе бастады.

Конкурс еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізіледі. Онда «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістегі ең жас үздік жұмыскер» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» сияқты үш номинация бойынша жеңімпаздар марапатталады.

Биылғы жылы Құрманғалиевтер отбасы «Үздік еңбек әулеті» номинациясында жеңімпаз атанды. Барлық отбасы мүшелерін жекелеп есептегенде орман шаруашылығындағы еңбек өтілі 458 жыл. Бұл отбасының 25 мүшесі төрт ұрпақ сабақтастығымен осы салада еңбек етіп келеді.

Онлайн-дауыс беру мен репсубликалық комиссияның шешімі бойынша Сотқаров Әбілқайыр Әутайұлы «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша жеңімпаз болды. Ол Ақтөбе облысындағы «Казхром ТНК» акционерлік қоғамында металлург болып жұмыс жасайды.

«Өндірістегі үздік жас жұмыскер» номинациясында Атырау облысындағы «Доссормунайгаз» кәсіпорнының жұмыскері Тұрсынбек Айбек Тұрсынбекұлы жеңіске жетті.

Дәстүр бойынша Форум аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2011 жылғы 20 қазанда бекітелген Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні қарсаңында сала қызметкелерін марапаттау рәсімі өткізіледі.

«Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер, зейнетақылар, медициналық және әлеуметтік мекемелер, жұмысқа орналастыру агенттіктері, еңбек инспекциялары және басқа да әлеуметтік қорғау мекемелері адаммен қашанда бірге. Сіздердің табанды еңбектеріңіз - мемлекеттің өз азаматтары туралы қамқорлығының көрсеткіші. Бүгін біз шын жүректен алғыс айтамыз және барлық әлеуметтік қызметкерлерді ортақ мерекемен құттықтаймыз!» -деді министр.

Ағымдағы жылы Еңбек және халықты әлекуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағына ІІІ республикалық конкурсты өткізді. Әлеуметтік саладағы келесі қызметкерлер республикалық комиссияның шешімімен жеңімпаз атанды:

«Зейнетақы жүйесіндегі үздік қызметкер» номинациясында – зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Сұлтанғазиева Гүлжан Тілегенқызы (СҚО);

«Әлеуметтік сала жүйесіндегі үздік қызметкер» номинациясында– «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының ди⁠ректоры Сабырова Айнагүл Мырзабекқызы (Ақмола облысы);

 «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша – дефектолог Жартыбаева Бибігүл Ашықбайқызы (БҚО);

«Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясында – «балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қазыналық мемлекеттік мекемесі (Қызылорда облысы);

«Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» номинациясында – «Амаль-Иман» қоғамдық қоры (Алматы қ.);

 «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері» номинациясы бойынша – Жұмыспен қамту орталығынң маманы Кұбайдуллина Раушан Темірханқызы (Ақтөбе облысы);

«Әлеуметтік саланың үздік менеджер-ұйымдастырушысы» номинациясында  – «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» қазыналық мемлекеттік мекемесі ди⁠ректорының орынбасары Кенжебаева Гүлмира Айбасқызы (Қызылорда облысы).

 «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері» номинациясында – медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Тілекина Ләззат Мырзақанқызы (Астана қ.);

 «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» номинациясында –Әйтімов Әбдімәлік (Қызылорда облысы);

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» үздік қызметкері номинациясында -  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының орталық филиалының бас маманы Ашмаханова Атамекен Айжарқынқызы.

26 қазан, 2018 - 21:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші