X
egov

You are here

Жамбыл облысында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заң жобасы талқыланды

Заңды талқылау

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Тараздағы күндері шеңберінде «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заң жобасы қоғамдық талқылаудан өтті.

Дөңгелек үстелге мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі мен төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.

Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде құрылған міндетті әлеуметтік сақтандыру 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

Бүгінгі күні Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры шамамен 6 млн. адам қамтып отыр, жыл сайын 160 млрд. теңгеге жуық төлемдерді 770 мыңнан астам адамды алады. 2005 жылдан 2017 жылға дейінгі, яғни 13 жылдағы әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 905 млрд. теңгені құрады.

Заң жобасының негізгі мақсаты МӘСҚ-дағы әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарау жолымен міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін нығайту болып табылады.

Жиынға қатысушылар әлеуметтік жеңілдіктер берудің параметрлерін өзгертуге ұсынылған тәсілдерді қолдап, жұмыс істейтін азаматтар үшін міндетті әлеуметтік сақтандырудың маңыздылығын жан-жақты атап өтті.

22 қазан, 2018 - 17:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші