Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) 2 103 адамға оралмандарды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы;
2) 7 771 адамға қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 1 тамызға және 2020 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп ұсынсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Тіркеме | Мөлшер |
---|---|
![]() | 30 KB |
![]() | 59.5 KB |