X
egov

You are here

Еңбек министрлігінде Халықаралық еңбек ұйымы өкілдерімен кездесу өтті

ХЕҰ

2018 жылы 8 және 11 қазаны аралығында ХЕҚ өкілдері Қазақстанға іс-сапарымен келді: Арсений Фернандез – ХЕҰ Канада, Еуропа және орталық Азиядағы еңбек инспекциясы жөніндегі маманы, Валентин Мокану - ХЕҰ еңбек инспекциясы және еңбекті қорғау бойынша бас маманы.

Іс-сапардың негізгі мақсаты: республикадағы еңбек инспекциясының қызметіне аудит жүргізу, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарының сақталуы бойынша ағымдағы жағдайды талдау, еңбек инспекциясының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.

А.ж. 8 қазанында өткен кездесу барысында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ә. Сарбасов шетелдік әріптестерге республикадағы еңбек инспекциясының құрылымы және оның қызметін одан әрі жетілдіру жолдарын түсіндірді.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның өкілдерімен кездесу өтті, онда мүдделі мемлекеттік органдардың өзара өндірістік жарақаттанудың алдын алу және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын бұзуға жол бермеу мәселелері талқыланды.

ХЕҚ өкілдерінің бағдарламасына сәйкес 9 қазанда Ақмола облысына еңбек инспекциясының қызметімен танысу, өңірдегі ірі кәсіпорынға бару жоспарлануда.

Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Кәсіподақтар федерациясы, Астана қаласы еңбек инспекциясының басшылықтарымен кездесу жоспарланды.

12 қазан, 2018 - 17:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші