X
egov

You are here

2018 жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға және оларға көмек көрсетуге 302,8 млрд. теңге қарастырылған

ҚР Үкіметінің отырысы

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова ҚР Үкіметі отырысында ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша Қазіргі кезде Қазақстанда 674,2 мың мүгедектігі бар адам тұрады. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді және оңалтудың техникалық құралдарын ұсынуды қамтиды.

 «Жалпы 2018 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға және оларға көмек көрсетуге 302,8 миллиард теңге көзделді, 2017 жылмен салыстырғанда 121% -ға өсті. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны  – 508,7 адам болды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс шамасының өзгеруіне байланысты мүгедектерге берілетін жәрдемақы 16 %-ға дейін арттырылды. Енді жәрдемақының көлемі 40 769 теңге болды» -деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова. 

Ведомства басшысы айтып өткендей Мемлекет басшысының тапсырмасымен кәмелет жасқа толған бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім көрсетіп отырған адамдарға 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа жәрдемақы енгізілді.  Бүгінгі күні жәрдемақы 10 мың отбасыға тағайындалды, оның мөлшері 29 699 теңгені құрайды. Сонымен бірге, үкіметтік емес ұйымдар 100 мыңға жуық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынды. Сонымен қатар 8 мыңнан астам адамға үкіметтік емес ұйым арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2012 жылдан бастап Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылып келеді. Оны іске асыру үшін қаржыландыру көлемі 2018 жылы 6 млрд. Теңгені құрады.

Бөлінген қаражат есебінен 15 «Инватакси» қызметі құрылды, 26 өңірлік телеарнада жаңалықтар сурдо-аудармамен қамтамасыз етілген, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормалары екі есе ұлғайтылып,  есту қабілеті нашар 4 мың мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызмет көрсету уақыты екі есеге ұлғайтылды, сондай-ақ, қазіргі заманғы гаджеттермен қамтамасыз ету үшін Оңалтудың техникалық құралдарының тізбесі отыз екіден елу беске дейін кеңейтілді.

Мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, Министрлік  7 басымдыққа ие 2019-2023 жылдарға арналған Ұлттық жоспарды әзірлеуді жоспарлауда.

Бірінші басымдық - мүгедектіктің профилактикасы бойынша шараларды одан әрі жетілдіру.

Екінші басымдық - инклюзивті білім беруді дамыту. Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019 жылға қарай мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың 30%, орта білім беретін ұйымдардың 70% және техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 40% -да инклюзивті білім беру жағдайларын жасау жоспарға алынған.

Осыған байланысты, Білім және ғылым министрлігіне инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында, кадрлардың жетіспеушілігі, инклюзивті білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету, кедергісіз орта құру шеңберінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты мәселелерді шешу қажет.

Үшінші басымдық - 2030 жылға қарай мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру. «Бүгінде 32,6 мың  әлеуметтік инфрақұрылым объектісі  паспорттауға жатады, олардың ішінде 32 2 мың объектіні (98,0%) мүгедектер үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге паспорттау, 21,1 мың  объектіні (64,7%) бейімдеу жоспарланған.» -деді Мәдина Әбілқасымова.  

Төртінші басымдық - мүгедектігі бар адамдарды сапалы жұмыспен қамту және олардың экономикалық дербестігін арттыру шараларын жетілдіру.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар жұмыспен қамту шараларына қатыса алады. 

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 6,4 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 1,3 мың адам қысқа мерзімді курстармен қамтылды, 39 адам бизнесін ашуға микрокредит алды.

Бұдан басқа мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен олардың ұйымдарына мемлекеттік сатып алу кезінде берілетін басымдықтар арқасында 194 ұйымда 2,2 мың адам еңбек етуде.

Сонымен бірге жұмыс берушілерді мүгедектерді жұмысқа орналастыруға ынталандыру үшін 2018 жылдан бастап жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға кететін шығындарын субсидиялау енгізілгенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы осы мақсатқа республикалық бюджеттен 770 арнайы жұмыс орнын құруға 105,6 миллион теңге бөлінді.

Бесінші басымдық -әлеуметтік оңалту мен абилитацияның тиімділігін арттыру екендігін мининстр атап өтті.

Алтыншы - әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу жұмысы басталды, ол адамдардың жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше, таңдау мүмкіндігі беріледі.

Жетінші басымдық - кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу,  Қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемасына толерантты көзқарас қалыптастыру мақсатында қоғамның мүмкіндігі бар адамдарға деген көзқарасын бірте-бірте өзгерту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыру қажет.

11 қазан, 2018 - 11:21 өзгертілді
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші