X
egov

You are here

Қазақстанда еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында болатын «Еңбек жолы» байқауына онлайн-дауыс беру жалғасып жатыр

«Еңбек жолы»

1 қазанда  еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында өтетін «Еңбек жолы» байқауына онлайн-дауыс беру басталды.  

Онлайн-дауыс беру 2018 жылдың 20-шы қазанына дейін жалғасады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша «Еңбек жолы» байқауының республикалық комиссиясы «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайтын болады.

Еске сала кетейік, «Еңбек жолы» республикалық байқауы 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Оның мақсаты - еңбек өнімділігін ынталандыру, жастар арасында жұмыс мамандықтарын дәріптеу және еңбек әулеттерінің көпжылдық дәстүрін нығайту болып табылады. «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау 2018 жылы 26-шы қазанда «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» арналған республикалық форумда салтанатты түрде өтеді.  

Осыған орай Конкурс жеңімпаздарын республикалық деңгейде анықтау мақсатында баршаңызды Министрліктің www.enbek.gov.kz ресми сайтында қатысушыларға белсенді түрде онлайн дауыс беруге шақырамыз.

4 қазан, 2018 - 12:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші