X
egov

You are here

Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезі өтті

М. Әбілқасымова

Съез жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова және Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстандағы үйлестірушісі Талғат Өміржанов қатысты.

Жалпы, іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген салалық кәсіподақтардың 200-ден астам делегаты, сондай-ақ 20-дан астам арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Жиынды Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселермен таныстырды. Сьездің бірінші бөлімінде меймандар мен делегаттар баяндама жасады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан баяндама жасады.

 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы міндеттерді  орындау әлеуметтік әріптестердің бірлігі мен келісілген ұстанымдарын талап етеді. Еңбек нарығы дамуының қазіргі жағдайларында жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін біз күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет. Біз Қазақстанда үйлесімді өндірістік қатынастар үшін мықты негіз бар екені туралы толық сеніммен айта аламыз және бұл негіз кәсіподақтар болып табылады.» - деп атап өтті министр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Үкімет, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы үшжақты ынтымақтастық пен әлеуметтік диалогтың тиімді үлгісі әрекет етеді.

2018 жылдың қаңтар айында Кәсіподақтар федерациясының тікелей қатысуымен әзірленген Үкімет, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы 2020 жылға дейінгі жаңа Бас келісімге қол қойылды.

Бас келісімнің негізгі міндеттері экономиканы технологиялық жаңғырту, бизнес ортаны түбегейлі жаңғырту, халықты ресми және нәтижелі жұмыспен қамтуға және еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесу, адами капиталдың сапасын жақсарту, еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, әлеуметтік әріптестікті дамыту болып табылады.

Министрлік әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, жарақатты және еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын төмендету жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған кешенді Жол картасын әзірлеуге кірісті. Келіссөздер жүргізу дағдыларын және еңбек заңнамасының негіздерін жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге жаппай құқықтық үйретуді белсенді түрде жүзеге асыру басталды.

Жалпы еңбек жанжалдарын болдырмау бойынша профилактикалық шараларды күшейту мақсатында Министрлік Кәсіподақтар федерациясымен бірге тиісті Іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Бүгінгі таңда ҚР КФ барлық мүдделі мәселелерді үйлестіретін алғашқы кәсіподақ ұйымдары жұмысымен және өзара іс-қимылға баса назар аударды, сонымен қатар мүдделі серіктестермен еңбек жанжалдарының алдын-алу және оларды шешу бойынша ынтымақтастық кеңейтілді.

Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестердің еңбек дауларын болдырмау жөніндегі өзара әрекеттесу алгоритмі бекітілді.

Бұл бастамаларды кәсіподақтармен бірлесіп жүзеге асыру еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді және еңбек қатынастарын тиімді дамытуға мүмкіндік береді.

3 қазан, 2018 - 17:29 өзгертілді
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші