X
egov

You are here

«Бірыңғай жиынтық төлем міндеті – азаматтарымызға әлеуметтік қолдауды кеңейту» - С.Жақыпова

Мажіліс

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырлымы өтті.

«Заң жобасы Мемлекет басшысының өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысуы мәселелерін шешу бойынша тапсырмаларына сәйкес әзірленді.» - деп атап өткен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, заң жобасының негізгі жаңашылдықтарын баяндады.  

Алдымен енгізілген жаңалық азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейтетін жүйелі шаралар болады.

Бүгінгі жағдай көрсеткендей, бейресми жұмыспен қамтылу салық органдарында тіркелу және есептен шығу кезінде кедергілер, төлем жүйелерінің көптігі және салық режимін анықтаудың қиындығын тудырады.

Бұл процесті жеңілдету үшін, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін Бірыңғай жиынтық төлемін енгізу ұсынылады.

 «БЖТ – салық органдарына тіркеудің оңтайландырылған тәртібі. Оны төлеу өз қызметін ғана емес, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Тиісінше, азаматтар тегін медициналық көмек ала алады, мүгедектігі, жұмыс істеу қабілетінен, асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, бала асырап алу немесе 1 жасқа дейінгі  бала күтіміне әлеуметтік төлемдер алуға, сондай-ақ еңбек өтіліне қарай – зейнетақы төлемін алуға мүмкіндік береді.» - деді вице-министр. .

Аталған төлем табыс алу мақсатында жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау,  жеке тұлғалар үшін жұмыс істеу, қызмет көрсету,  жеке тұлғалардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сату сияқты шарттарды сақтауға тиіс жеке тұлғаларға қолданылады. Азаматтардың басқа санаттары үшін салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеудің ағымдағы тәртібі сақталады.

Бірыңғай жиынтық төлем, сауда объектілерін қоса алғанда, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға, тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға беретін жеке тұлғаларға, жеке практикамен айналысатын адамдарға, оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдарға қолданылмайды.

«Төлеушілерге ыңғайлы болу үшін БЖТ мөлшері белгіленді, яғни әр түрлі әлеуметтік қорларға жарналар сомасын дербес есептеуге міндетті емес. Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда – 1 АЕК  (2019 жылы –  2 525 теңге), басқа елді мекендерде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш (2019 жылы – 1 263 теңге)» - деді Светлана Жақыпова.

Заңның екіші жаңашылдығы «жұмыспен қамтылған адам» және «өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам» жұмыспен қамтылған халыққа жататындардың санаттарын айқындайды.

Сонымен қатар, заңнамада «өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі.

Жұмыспен қамтылған адам – ақы және кіріс алу үшін мүлікті пайдалану, тауар өндіру, тауарларды сату, қызмет көрсету арқылы қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;

Тәуелсіз жұмыскер – дара кәсіпкерлерді, жеке практикамен айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестігінің және акционерлік қоғамның құрылтайшыларын (қатысушыларын, акционерлерін), өндірістік кооператив мүшелерін қоспағанда, кіріс алу мақсатында тауар өндіру (өткізу), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін дербес жүзеге асыратын жеке тұлға;

Жалдамалы жұмыскер – жұмысты еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлға не тәртіптемені және жұмыс істелген уақыт не өндірілген тауардың бірлігі үшін не көрсетілген қызметтер үшін төлемді тапсырыс беруші айқындайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

Заңның үшінші жаңалығы жұмыспен қамтылған халықтың санаттарын қайта қарау. Енді қазіргі кезде жұмыспен қамтылған халықтың қолданыстағы ережелерімен салыстырғанда қызметкерлерді кеңірек санаттау ұсынылады.

 БЖТ төлеушілерді енгізумен қатар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңдарда әлеуметтік төлем мен жарна төлеушілер бірдей қолданылатын болды.

2 қазан, 2018 - 20:02 өзгертілді
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші