X
egov

You are here

«ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК Қарағанды облыстық филиалындағы бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК (бұдан әрі – «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК), «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК Қарағанды облыстық филиалындағы бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізеді.

Бос лауазымға орналасуға конкурс түрі:

  • «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК Қарағанды облыстық филиалының аға ғылыми қызметкері – 0,5 ставка;
  • «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК Қарағанды облыстық филиалының ғылыми қызметкері –           1 ставка;
  • «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК Қарағанды облыстық филиалының кіші ғылыми қызметкері – 0,5 ставка;

мына мекенжайы бойынша орналасқан: 100 000, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 73, тел. 570-602;

Ұйымның қызметі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Ғылыми қызметкер:

Лауазымдық мiндеттерi.

  • еңбек қатынастары және еңбекті қорғау саласында жауапты орындаушы ретiнде немесе ғылыми жетекшiмен бiрлесiп тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер және әзірлемелер өткiзедi;
  • экономиканың әртүрлі салаларының кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жай-күйін талдау және бағалау жүргізуге қатысады;
  • қауптердің туындауын, жарақаттану және кәсіби аурулардың себептерін талдау жүргізуге және оларды азайту мен алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
  • өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізуге, сондай-ақ оның нәтижелерін талдау жене сараптауға қатысады;
  • еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларын жақсарту бойынша озық отандық және шетелдік жұмыс тәжірибесін насихаттауға қатысады;
  • өндірістік тәуекелдерді бағалау жүйесін әзірлеуге және енгізуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар мен нысаналы бағдарламалардың тиімділігін бағалау әдістерін әзірлеуге қатысады;

Бiлуге тиiс:

Өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндеттері, осы зерттеулер және өңдеулер туралы отандық және шетелдік мәлiметтер, зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдiстері ме құралдары, тәжiрибелер мен бақылаулар өткiзу, ақпараттар, оның iшiнде электронды-есептеуiш техниканы қолдана отырып қорытындылау мен өңдеу, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар.

Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм және мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 1 жыл. 

Практикалық жұмыста сауатты мазмұндау деңгейінде мемлекеттік тілді міндетті білу.

         Құжаттарды қабылдау күні 01.10.2018 ж.

         Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні 15.10.2018 ж.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бекіткен нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

 Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

 

2 қазан, 2018 - 10:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші