Әубәкіров Ерлан Мағзамұлы

Әубәкіров Ерлан Мағзамұлы
Номинация: 
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері
Аймақ: 
Павлодар облысы
Байланыс мәліметтері: 
8-7182-63-06-82
Қысқаша сипаттама: 

Ерлан Мағзамұлы Әубәкіров 1994 жылы Екібастұз қаласының кәсіби училищесін аяқтады және Кеңес әскері қатарында қызмет атқарған соң 1998 жылы еңбек қызметін біздің кәсіпорынның авто - тракторлық цехында жөндеуші - слесарь болып бастады.  

Ерлан Мағзамұлы қол жеткізгендеріне тоқтап қалмастан Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжіне оқуға түсті және 2009 жылы оны табысты аяқтады. 

Жұмыскердің кәсіби тәжірибесін, жетілуге деген тырысуын және жоғары ұйымдастырушылық қабілетін есепке ала отырып 2010 жылы кәсіпорын басшылығы оны тракторлық-бульдозерлік учаскіге «механик» лауазымына ауыстыру туралы шешім қабылдады. 

Ерлан Әубәкіров өзіне жүктелген міндеттердің барлығын кәсіби меңгере біледі.

Сонымен қатар жаңа техниканы енгізуге құлышыныспен қатысады және алған білімі мен дағдыларын теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізу кезінде қызмет көрсетуші құрамға береді.

Ерлан Мағзамұлы жұмысшы кәсібінің беделін көтере отырып Серіктестіктің жас мамандарын оқытуда ерекше рөл атқарды. Кәсіби білімдер мен машықтарды меңгерудің жоғары деңгейі оны оқу аудиториясында және жұмыс алаңында баға жетпес қызметкер етті.  

 «Богатырь Көмір» ЖШС-да жыл сайын кәсіби оқыту саласындағы жұмыстың қорытындысы шығарылып отырады. Ерлан Мағзамұлына жоғары кәсіпқойлығы мен жұмыскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін келесі номинациялар бойынша құрмет грамота мен ақшалай сыйақылар берілді:

- «Жұмысшы кәсібін үздік насихаттау» (2012 ж.);

- «Теориялық оқытудың үздік нұсқаушысы» (2013 ж.);

- «Үздік тәлімгер» (2015 ж.); 

- «Үздік оқытушы» (2017 ж.). 

2015 ж. Е.М.Әубәкіров 3-дәрежелі «Шахтер даңқы» құрметті белгісімен марапатталды.

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
19 қазан, 2018 - 22:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші