You are here

Мочалов Александр Васильевич

Мочалов Александр Васильевич
Номинация: 
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері
Аймақ: 
Қарағанды облысы
Байланыс мәліметтері: 
87013358505
Қысқаша сипаттама: 

Мочалов Александр Васильевич «Караганда Энергоцентр» ЖШС Қарағанды   ЖЭО-3 қазандық құрылғыларын жөндеу бойынша слесарь лауазымында еңбек етеді. Жалпы еңбек өтілі 40 жыл, оның ішінде, энергетика саласында - 25 жыл.

Мочалов А.В. еңбек ететін орталықтандырылған жөндеу цехының негізгі міндеті станцияның негізгі және көмекші құрылғыларының дайындығын, сенімділігін қамтамасыз ету болып саналады. Цех жөндеуге арналған жабдықтар мен құрылғыларды әзірлеуші және дайындаушы өндірісті дайындаушы арнайы топқа ие. Бұзу, ақауларды жөндеу, және қуатты энергоагрегаттарды жолға қою бойынша жөндеу жұмыстарының күрделілігі, сан алуан түрлілігі және үлкен нақтылығы жөндеу техникасының, жөндеу персоналының мамандандырылған біліктілігінің жоғары деңгейін айқындайды.

Осы цехқа тәлімгерлік ету үлкен маңызға ие: цех Қарағанды ЖЭО-3 кәсіпорнында персоналдың саны бойынша ең ірі цехтардың бірі және тәжірибелі энергетиктердің қамқорлығына мұқтаж көптеген жас мамандар еңбек етеді, әсіресе, өзіндік жұмыстың  алғашқы кезеңдерінде тәлімгерлердің тәжірибесі өте қажет. Александр Васильевич Мочалов, тәжірибелі тәлімгер ретінде жас слесарларды жұмыстың ұсақ‑түйектеріне дейін оқытады, үйретеді. Үйрету кезінде қамқорлығына алған жас кадрлардың іс-әрекеттеріне және қауіпсіздігіне тәлімгер жауап береді.

Егер де шәкірт апатқа немесе құрылғының істен шығуына алып келетін қателік жіберсе ол ұстазымен бірге жауап береді. Тағылымдама аяқталған соң жас маман емтихан тапсырады. Содан соң, 12 ауысым бойынша жауапты қайталау жұмыстары өткізіледі. Осы кезде бұрынғы шәкірт өз бетімен жұмыс істейді, бірақ, тәлімгердің бақылауында жұмыстарды жүзеге асырады. 

Александр Васильевич, кәсіби білімнен басқа, өте бай өмірлік тәжірибеге ие. Осы өмірлік тәжірибесі жұмыс барысында көмегін тигізеді, өйткені жас маман қаншалықты деңгейде өз бетімен жұмысты алып барса, соншалықты ол көптеген жағдайларда тәлімгерге байланысты болады. Александр Васильевичтің көптеген шәкірттері станцияда табысты еңбек етіп жатқанын атап өту қажет.

Мочалов Александр Васильевич жанұясының тірегі болып табылады, балаларға тәрбие берді және немерелеріне қамқор ата бола білді.

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
20 қазан, 2018 - 00:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші