check

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына 1 млн-нан астам адам қатысты

Парламенттік тыңдау

28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Жұмыспен қамтуды дамыту мәселелері мен келешегі» тақырыбында парламенттік тыңдау өтті.

Еңбек нарығы жағдайының өзекті мәселелері, азаматтарды жұмыспен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ресімдеу талқылаудың негізгі мәселелері болды.

Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, «Атамекен» ҰҚП, қоғамдық бірлестіктер, жұмыс берушілер, жұмыспен қамту орталықтары, жеке жұмысқа орналастыру агенттіктері, шетелдік және отандық сарапшылар қатысты.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова еңбек нарығын дамытудың негізгі көрсеткіштерін жариялады.

2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

Бағдарламаның басталғалы бері 1 миллионнан астам адам жұмыспен қамту шараларына қатысып, 805 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 555 мыңы тұрақты жұмыс орны болды. Бұл аталған бағдарламаға қатысуға үміткерлердің 70% -ын құрайды. Басқа елдердегі ұқсас бағдарламалардың көрсеткіштерімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін қабылданған шаралар тиімділігінің жоғары екендігін көрсетеді.

200 мыңнан астам азаматтың жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, жастар қатарындағы біліктілігі жоқтарға «Тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасы бойынша бірінші мамандыққа тегін оқуға мүмкіндігі беріледі. Қазірдің өзінде талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде 40 мыңнан астам адам оқиды.

2017 жылдың басынан бастап қысқа мерзімді кәсіби курстарда 107 мың адам қамтылды, 90 мыңға жуық жас адам оқуды аяқтады.

Бағдарлама шеңберінде жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін олардың өзінің алғашқы жұмыс тәжірибесін және мамандықтары бойынша практикалық дағдыларын алуға мүмкіндік беретін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының маңызы жоғары. 2017 жылдан бастап 48 мың адам тәжірибеге жіберілді.

Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Мемлекет басшысының төртінші әлеуметтік бастамасының шеңберінде микрокредит беру бағдарламасын кеңейту мақсатында ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге ұлғайып, 62 млрд теңге болды.

«Кәсіпкерлікті дамыту - бұл өз бизнесін ашу ғана емес, қосымша жұмыс орындарын құру мүмкіндігі. Ауыл халқының жұмыспен қамтылуын ынталандыруға ерекше назар аудару қажет. Сондықтан барлық қаражаттың 73% ауылдар мен шағын қалаларды несиелендіруге бөлінеді. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша. қазірдің өзінде 8 мыңға жуық микрокредит беріліп, тағы 6 мың жаңа жұмыс орны ашылды », - деді Мәдина Әбілқасымова.

Ел экономикасының тиімді дамуы үшін өңірлер арасындағы еңбек ресурстарының теңгерімі сақталуы өте маңызды. Осыған байланысты Бағдарламаның үшінші бағыты қарастырылған - еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

2017-2018 жылдары 2,3 отбасы яғни 7,8 адам қоныс аударды. Еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылардың  60%-ынан астамы жұмысқа орналастырылды.

Ведомства басшысы қолданыстағы құралдардың тиімділігі арттыру үшін Министрлік Бағдарламаға тиісті өзгерістерді дайындағанына тоқталды. 

«Жекелеп айтқанда, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту міндетті түрде  жұмысқа орналастыруға бағдарланатын болады. Ауылдарда якорлы кооперация бойынша жаңа құрал дами бастады, ол кредит алушылардың өз өнімін міндетті түрде сатуын қамтамасыз етеді. Қоныс аударушылардың мәселелерін кешенді түрде шешу үшін тұрғын үй салу және сатып алу арқылы қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмі әзірленуде. Механизм Солтүстік Қазақстан облысында пилоттық апробациядан өткізіле бастады. Ағымдағы жылғы қазанда Бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізу жоспарланған.» - деп атап өтті М. Әбілқасымова.

Бүгінде еңбек нарығының инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жүргізілуде. Бұл еңбек нарығында азаматтардың ұтқырлығын арттыру және жұмыспен қамту процесін жеңілдету үшін қажет.

Екі нақты жоба іске асырылды. Бірінші жоба – бұл 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген Электрондық еңбек биржасы. Ол 66 мың жұмыс берушіні және 220 мыңнан астам жұмыс іздеушілерді біріктіреді. Биыл Электрондық еңбек биржасы арқылы 263 мың адам жұмысқа орналасты.

Екінші жоба - жұмыспен қамту қызметтерін жаңғырту. Әрбір азамат үшін оның дағдылары мен қажеттіліктерінің деңгейін диагностикалау жүргізіледі және жеке жұмыс жоспары жасалады. Жұмыс берушілермен жұмыспен қамту орталықтары HR- қызметтер ретінде жұмыс істейді.

Жаңа тәсіл қазірдің өзінде нәтиже берді: 8 ай ішінде жұмыспен қамту орталықтарына 477 мың адам өтініш білдірді, бұл 2017 жылға қарағанда 8% -ға көп, ал азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру көрсеткіші 18% -ға артты.

Министрлік Жұмыспен қамтуды жолға қоюда Жол картасын іске асыру шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған және бейресми жұмыс істейтін халықты ресми түрде тіркеу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күні 2,7 миллион астам адамнан жыл басынан бері 1,5 миллионға жуығының мәртебесі анықталды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды тіркеу механизмін жеңілдету үшін Бірыңғай жиынтық төлемді енгізуді көздейтін заң жобасы ұсынылды. БЖТ жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғайды және әлеуметтік қолдауды кеңейтеді.

Еңбек нарығын дамыту перспективалары туралы айта келе, министр негізгі жаһандық проблемаларға назар аударды. Осылайша, еңбек нарығында сұраныс пен теңгерімді  қамтамасыз ету үшін қажет мамандарды болжаудың Ұлттық жүйесін дамыту қажет.

Еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Ұлттық біліктілік шеңбері әзірленетін болады.

Өндірісті технологиялық модернизациялау нәтижесінде жұмыс күштерінің босап қалуы ықтимал. Бұл бағытта өңірлермен бірлесіп ірі кәсіпорындармен жұмыс істейтін еңбеккерлердің ағынын ретке келтіріп отыратын Жол картасы жасалуда.

Біліктілік тапшылығын жою үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Жеке сектор, соның ішінде орта және шағын кәсіпкерлік жобалары, өнімді жұмыс орындарын құрудың негізгі генераторы болуы тиіс. Осыған байланысты жеке кәсіпкерлікті жұмыс орындарын құруға ынталандыру үшін үйлестіру жұмысы күшейтілетін болады.

28 қыркүйек, 2018 - 18:05 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші