You are here

Қажаева Ләззат Бәженқызы

Қажаева Ләззат Бәженқызы
Номинация: 
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері
Аймақ: 
Шығыс Қазақстан облысы
Байланыс мәліметтері: 
8-7232-75-31-28
Қысқаша сипаттама: 

Ләззат Бәженқызы Қажаева 1950 жылғы 7 қарашада Катонқарағай ауданы Қызыл Жұлдыз ауылында дүниеге келген. Семей педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді.

40 жылдан астам білім беру саласында қатардағы мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып жұмыс істеді.

Адал еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін Қазақ ССР білім министрлігінің, облыс және аудан әкімдерінің бірнеше құрмет грамоталарымен, облыстық білім департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар көптеген жылдар бойы білім беру саласына қосқан зор үлесі және кәсіби дағдыларды дамыту үшін «Білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен және «Жоғары кәсіби шеберлігі және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін» дипломымен марапатталды.

Жоғары кәсіби мұғалім, тамаша ұйымдастырушы, шығармашылық тұлға.

Тәлімгер ретінде ол өз тәжірибесін жас әріптестерімен бөліседі, оның ішінде                   10-ы жоғары және бірінші санатты ұстаздар, екеуі - мектеп директорлары болып қызмет етуде.

Оның шәкірттері республикалық, облыстық олимпиадалар мен конференцияларда Қазақстан тарихында жүлделі орындарға ие болды.

Ләззат Баженқызы облыста талантты ақын ретінде танымал.

2011 жылы ұстаздар Күні құрметіне арналған облыстық «Ұстаздар туралы үздік ән авторы» сайысының облыс әкімінің грантының иегері. Катонқарағай ауданының
80-жылдығын мерекелеуге арналған аудан әнұранының авторы.

Ләззат Баженқызы Үлкен Нарын ауылдық лицейінде тарих пәні мұғалімі болып жемісті еңбек етуде. Ол «Тәлімгер» секциясының жетекшісі ретінде жас ұстаздардың әдістемелік жағынан өсіуне тікелей басшылық етеді. Олар аудандық, облыстық, республикалық әртүрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
20 қазан, 2018 - 23:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші