You are here

Оспанова Айжан Болатбекқызы

Оспанова Айжан Болатбекқызы
Номинация: 
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері
Аймақ: 
Алматы қаласы
Байланыс мәліметтері: 
8-7272-61-65-40
Қысқаша сипаттама: 

Мен, Оспанова Айжан Болатбекқызы, 1977 жылғы 19 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында теміржолшылар отбасында дүниеге келдім. Біздің жанұяда бес адам. Мен екінші баламын. 1984 жылы Аягөз қаласындағы № 59 орта мектептің табалдырығын аттап, 1994 жылы Семей қаласындағы № 35 орта мектепті бітіріп,                        1998 жылы Алматы темір жол колледжін аяқтадым. 2003 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтадым. Біліктілігім экономист-бухгалтер.

27.06.1994 - 30.11.2004 жылдары «ЛСО» АҚ «Ақтоғай локомотив сервис орталығында» бухгалтер, аға бухгалтер болдым.

18.05.2005 - 29.02.2016 жылдары «ЛСО» АҚ «Алматы локомотив сервис орталығында» Бас бухгалтер болып істедім.

01.03.2016 - 30.06.2016 жылдары «Локомотив» АҚ филиалы «Алматы локомотив пайдалану депосында» экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы болдым.

01.07.2016 - 19.03.2018 жылдары «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ «ЖТ Алматы бөлімі» филиалында, «Алматы локомотив пайдалану депосында» бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы болдым.

20.03.2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ «ЖТ Алматы бөлімі» филиалында Бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарамын.

2011 жылғы 14 желтоқсаннан бастап Кәсіби бухгалтер сертификатының иегерімін. Темір жол көлігінде жұмыс істеген жылдары өзімді бастамашыл, креативті, алға қойған мақсатына жете алатын маман ретінде көрсете алдым. Жастардың жақсы тәлімгерімін. Ұжым алдындағы абыройым жақсы. Өзімнің білімім мен мол тәжірибемді күнделікті жұмыста қолданамын. Тұрмыс құрғанмын. Үш баланың анасымын. Үлкен қызым                     1996 жылғы, ұлым 2003 жылғы, кенже қызым 2011 жылы дүниеге келген. Балаларымның барлығы өзіммен бірге тұрады.

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
20 қазан, 2018 - 23:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші