You are here

Fиззат Армат Мұрадымұлы

Fиззат Армат Мұрадымұлы
Номинация: 
Өндірістің үздік жас маманы
Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
Байланыс мәліметтері: 
8-7112-24-32-44
Қысқаша сипаттама: 

Ғиззат Армат Мұрадымұлы 2014 жылдың мамыр айында «Батыс су арнасы» ЖШС- на Бас энергетиктер қызметінің 3 разрядты электромонтер лауазымына жұмысқа қабылданды.

2016 жылғы мамыр айында Бас энергетиктер қызметінің 6 разрядты электромонтер лауазымына ауыстырылды.

2017 жылғы қаңтар айынан осы уақытқа дейін Бас энергетиктер қызметінің
13 разрядты инженері қызметін атқарады.

Оның міндеттеріне объектілердегі күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу барысында электромонтаждау жұмыстарына басшылық ету және техникалық бақылау жүргізу, өндірістік жұмыс журналын және сәйкес атқарушылық құжаттаманы жүргізу, құжаттар мен есептерді уақытылы тапсыру, қарамағындағы қызметкерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету кіреді. 

Ғиззат Армат Мұрадымұлы байланыс және интернет, бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютер, ақпараттық технологияның барлық бағытында өзінің үздік заманауи білімін көрсетті. Өз бастамасы бойынша кәсіпорынның электрмен жабдықтау жүйесіне электронды сызба құрап шығарды.

Жан-жақты, белсенді, нормативті техникалық құжаттамалар жөнінде білімді меңгерген, адамдармен қарым-қатынас орната біледі, ұжымда беделді және құрметке ие.

Табиғатынан мінезі мейірімді, адал, қарапайым, ұқыпты.

Спортпен шұғылданады, жаман әдеттерден аулақ.

Оның ерекшелігі шыдамдылығы мен табандылығында, үнемі алға ұмтылуында және қарамағындағыларды сауатты басқара білуінде.

Ғиззат Армат Мұрадымұлы өзіне жүктелген міндеттерді адал орындаушы, ортада жақсы жұмыс жасай алатын және жұмысын берілген уақытында орындай білетін жауапты қызметкер ретінде көрсетті.

Жалпы, Ғиззат А.М. ең үздік қызметкер және жан-жақты маман деп сипаттаймыз.

 

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
19 қазан, 2018 - 21:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші