You are here

Жапақовтар әулеті

Жапақовтар әулеті
Номинация: 
Үздік еңбек әулеті
Аймақ: 
Алматы қаласы
Отбасы мүшелерінің және туған-туысқандарының жалпы саны: 
2
Еңбек әулеті өкілдерінің жалпы еңбек өтілі: 
74
Байланыс мәліметтері: 
8-7272-61-65-40
Қысқаша сипаттама: 

Отағасы Жапақұлы Мәли 1948 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. Орта мектепті 1966 жылы бітірген. 1966-70 жылдар аралығында совхозда құрылысшы қызметін атқарды. 1970 ж. Тамыз – 1974 ж шілде КазПИ-де күндізгі бөлімде оқыған. 1973 жылдан мұғалім, 1975-82 оқу жылдарында директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1982 ж қараша – 2008 ж қыркүйекке дейін 26 жыл мектеп директоры. Егемен еліміздің жаңа буын оқулықтарын алғашқылардың бірі болып, өзі жұмыс істеген Ә.Ниязбеков мектебінде сынақтан өткізуге қатынасқан тәлімгер ұстаз.

2008-2010 жж Қыздар педагогикалық университетінде оқытушы. 2012 ж.-дан зейнеткер. Қазірде «Алғабас-6» ықшамауданында қоғамдық негізде бастауыш ақсақалдар ұйымы төрағасы. 1969 ж ҚазССР ауыл шаруашылығы министрінің құрмет грамотасымен марапатталған. 1973 Алматы қаласы Фрунзе аудандық партия комитетінің, Алматы облысы, Жамбыл аудандық комсомол комитетінің құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР оқу министрлігінің Құрмет грамотасы, Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы, Алматы облысы Райымбек ауданының құрмет грамотасымен марапатталған. 1992 жылы ҚР білім беру ісінің үздігі. 2017 ж. Алматы қаласы ардагерлер ұйымы құрмет грамотасымен және Алатау ауданы әкімі алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған. Зейнеткер, қоғамдық негізде ықшамаудан ардагерлері бастауыш ұйымы төрағасы. Емханадағы салауатты өмір салтын орнықтыру, белсенді ұзақ өмір сүру клубына қоғамдық негізде басшылық жасап әр-түрлі шаралар өткізуге белсене ат салысады. Отан, Нұр Отан партиясының мүшесі. Тәрбие саласы бойынша, аудандық ардагерлер ұйымында, ықшамаудандағы мектептер мен балабақша, емханада үнемі байланыста болып жұмыстар жүргізеді. 2017 жылы Алматы қаласы бойынша «Мерейлі отбасы конкурсының екі жеңімпазының бірі».

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
20 қазан, 2018 - 20:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші