check

You are here

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Министр М.Е. Әбілқасымовнаның cөйлеген сөзі

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті депутаттар!

Сіздердің қарауларыңызға «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылып отыр.

Келісім Евразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен азаматтарының еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған.

 Келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың өз бетінше жұмысқа орналасқан азаматтармен, сондай-ақ кәсіпорында жұмысқа алатын азаматтармен болған жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібін бекітуге арналған.

Осы Келісіммен келесі мәселелер реттеледі:

Бірінші, Евразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтарымен басқа мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асырғанда болған өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы ақпараттың  ашықтығы мен қолжетімділігі.

Екінші, Келісіммен ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер үшін ортақ өндірістегі жазатайым оқиға туралы № Н-1Е актісі бекітіледі, онда бірыңғай талаптар белгіленген және жазатайым оқиға туралы барлық ақпарат бар.

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зардап шеккен қызметкерге жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті. 
Актінің бір данасы жұмысқа орналастырушы мемлекеттің еңбек инспекциясына жолданады.

Топтық, ауыр немесе адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаларды тексеру аяқталғаннан кейін акт, тексеру материалдарымен бірге зардап шегуші азаматтың тұратын мемлекетінің уәкілетті органына жолданады (Еңбек министрлігіне) .

Үшінші, Жазатайым оқиғаны тексеруге байланысты берілген құжаттар немесе екінші қатысушы елдің біреуінің аумағында жасалған құжаттардың көшірмелерін Қоғамдастықтың басқа елдері легализациялаусыз қабылдайды, осыған байланысты жұмыскерге жазатайым оқиғамен байланысты құжаттарды заңдастыру қажет болмайды.

Осылайша, зардап шеккен азаматтардың денсаулығына келген зақым одан әрі  өтеу және өндірістегі жазатайым оқиғамен байланысты өтемақы төлемдерін алу процесін біршама жеңілдетеді.

Жұмыскердің денсаулығына өндірістегі жазатайым оқиғадан келген зиянды өтеу жұмысқа орналастырған мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілетінін атап өту қажет.

Келісімді ратификациялау Евразиялық экономикалық қоғамдастықтың аумағында еңбек функцияларын атқаратын жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының барлық комитеттерінен оң қортынды алынды.

Келісім Қазақстан Республикасының Конституциясына, еңбек заңнамасының нормаларына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және қабылданған халықаралық шарттарға қайшы келмейді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

27 қыркүйек, 2018 - 12:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші