check

You are here

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың БЖТ жүргізуі МӘМС аясында барлық медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді

М. Әбілқасымова

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық сақтандырудың міндетті жүйесін енгізу жоспарланған. Яғни, азаматтар тегін медициналық көмек көлеміне қосымша қымбат тұратын жабдықты қолдану арқылы қызметтерді ала алады. БЖТ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялауға және осылайша оларды МӘМС жүйесіне қосуға жол ашады.   

Бұл туралы бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтып берді.

«Қорлардың шығындары келіп түсетін түсімдерден асып түседі. ӘМСҚ туралы айтар болсақ, аударымдар ең төменгі жалақының ең төменгі белгіленген деңгейінен де аз. Біз аударымдар мөлшерлемесін екі еседен астамға қысқартамыз, сонымен қатар ӘМСҚ-нан әлеуметтік төлемдердің жалпы пакеті бір ең төменгі жалақы негізінде есептелетін болады. Қорға 1010 теңге төлеу арқылы, азаматқа түпкілікті соманы алу кезінде ұсынылатын қызметтер көлемі айына 45 мың теңгені құрайды. Бұған жоғары технологиялық медициналық көмек, қымбат тұратын медициналық қызметтер, зертханалық қызметтер және рецептуралық препараттар, сондай-ақ, стационарда жоспарлы емделу кіреді. Қорлар қаржылық тұрғыдан жүктемені көтере алады, басты міндет – азаматтарды әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету және қорғау», — деді министр.

БЖТ енгізу тіркеуді оңайлатуға және салық ауыртпалығын жеңілдетуге әкеледі, МӘМС аясында медициналық қызметтерді алуға және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдерді тағайындауға мүмкіндік береді.

БЖТ төлеу формалды емес қызметті тіркеп қана қоймай, сондай-ақ, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамту жүйелеріне қатысуға мүмкіндік береді. 

БЖТ төлеушілер үшін салық пен әлеуметтік төлемдер бойынша жалпы режимге қарағанда, аса төменгі мөлшерлемелер белгіленеді. Сондай-ақ, БЖТ мөлшері нақты белгіленеді, яғни, түрлі әлеуметтік қорларға жіберілетін жарналардың сомасын жекелей есептеудің қажеті жоқ.

Мыналар анықталды:

1) Республикалық маңыздағы қалалар, елорда мен облыстық маңыздағы қалалардағы Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері — 1 АЕК (2 525 теңге – 2019 жылы), басқа елді мекендерде – 0,5 АЕК (1 263 теңге – 2019 жылы);

2) 5 жылға Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу мерзімі;

3) Бірыңғай жиынтық төлем үлестері:

- жеке табыс салығына 10 %;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар — 20 %;

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері — 30 %;

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар — 40 %.

Дөңгелек үстел барысында тәуелсіз сарапшылар пікірлерімен бөлісті.

 «Мен бұны қолдаймын. Бүгін азғантай төлем жасау арқылы, ертеңгі күні қымбат тұратын қызметтерді алуға болады. БЖТ-ны енгізу қажет», — деп сарапшы Т. Әбілдаев, азаматтарды формализациялау оларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен, сондай-ақ медициналық сақтандырудың міндетті жүйесі арқылы медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге жол ашатынын атап өтті. 

 

20 қыркүйек, 2018 - 18:19 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші