check

You are here

Жұмыспен қамту, оқыту және шағын несиелендіру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың экономикалық құқықтары арттырылады

БЖТ

Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізу көзделіп отырған Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуы мәселесін пысықтау мақсатында, сондай-ақ сапалы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамтуды формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленді.

Заң жобасы аясында қарастырылады:

1. Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу арқылы формалды емес жұмыспен қамтылғандардың жұмысын заңдастыру бойынша жүйелі шаралар.

2. «жұмыспен қамтылған тұлға» және «тәуелсіз жұмыскерге», сондай-ақ жұмыспен қамтылғандарға жататын санаттарға бірыңғай анықтама беру.

3. әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамту туралы заңдарда төлемшілердің санаттарын біріздендіру.

Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі – формалды емес жұмыспен қамтылғандар үшін Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу мүмкіндік береді:

• міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып, медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы және түрі бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қолжетімділігі;

• жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу және жүйеге қатысу мерзіміне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу;

• еңбек қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу, асыраушысынан айырылу, жүкті болу және босану, бала асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алу.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген М. Әбілқасымова бір реттік төлемді — 2525 теңгені және ауылда 1263 теңгені төлеген соң азамат ең алдымен осылайша өз жұмысын формализациялайтынын атап өтті, яғни ол өз жұмысын ресми түрде тіркейді.

Екіншіден, ол әлеуметтік қамсыздандырудың үш жүйесіне: МӘМС, базалық әлеуметтік қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жүйесіне қатысудың пайдасын көре бастайды.

Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік саясат сонымен қатар басқа да бірқатар бағыттарды қамтиды.

«Бұл біз нәтижелі жұмыспен қамту, оқыту және шағын несиелендіру бойынша жүргізіп отырған жұмыстарымыз. Біз мұның барлығы әлеуметтік қорғалу деңгейі мен кірістерді арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», — деді М. Әбілқасымова.

20 қыркүйек, 2018 - 18:15 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші