check

You are here

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін қызметін тіркеу механизмі біршама жеңілдетіледі

М. Әбілқасымова

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстанда Бірыңғай жиынтық төлем енгізу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты.

«БЖТ енгізу нәтижесінде формалды емес жұмыспен қамтылғандардан 500 мың адамның жұмысын формализациялау қарастырылып отыр, сондай-ақ патент пен жеңілдетілген декларация негізінде қолданыстағы салық режимдерінен 65,4 мың төлемшілердің ағымы күтіліп отыр», — деді М. Әбілқасымова.

Айта кеткен жөн, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2018 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 8,6 млн адамды құрады,оның ішінде 6,5 млн адам жалдамалы жұмыскер мен 2 063 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болды.

Ел экономикасында жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 16% формалды емес жұмыспен қамтылғандар болды (1 376 мың адам), оның ішінде еңбек шартын рәсімдеусіз жұмыс істейтіндері 800 мыңға жуық адамды құрады, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 588 адам болды.

Қазіргі жағдай көрсетіп отырғандай, формалды емес жұмыспен қамтылуға салық органдарына тіркелу мен есептен алудың процедураларының күрделілігі, көптеген төлем жүйелерінің болуы және салық режимін айқындаудың қиындығы тәрізді факторлар ықпалын тигізеді.

Мәселен, Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу салық органдарында тіркелудің жеңілдетілген тәртібін қарастырады, бұл формалды емес жұмыспен қамтылғандарды заңдастыруды жылдамдатады.

БЖТ өз қызметін табыс алу мақсатында жүргізетін жеке тұлғаларға келесі шарттарды сақтаған жағдайда қатысты болады:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбаса;

2) жеке тұлғаларға үшін қызмет көрсетіп жұмыс істесе;

3) жеке тұлғалар тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықты пайдаланудан шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімін өткізсе.

БЖТ қатысты болмайды:

1) сауда нысандарын қоса алғанда, коммерциялық жылжымайтын мүлік аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға;

2) баспанадан басқа, мүлкін жалға беретін (мүлікті жалдау) тұлғаларға;

3) жеке практикамен айналысатын тұлғаларға;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға;

5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен тұлғаларға.

Бұл орайда, күнтізбелік жыл ішіндегі шекті кірісі 100 ең төменгі жалақы көрсеткішінен ТЖК аспауы тиіс: жылына 2 969,8 мың теңгеден, 2019 жылы 247,4 мың теңгеден.

Осылайша, БЖТ өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың негізгі санаттарына арналады, оларға жеке қосалқы шаруашылық жұмыскерлері, отбасылық кәсіпорындардың жалақы төленбейтін жұмыскерлері, жалдамалы жұмыскерлері жоқ, жылына төменгі айналымы 100 ТЖК аз болатын кәсіпкерлер жатқызылатын болады.

Бұл норманы әзірлеушілердің пікірінше, БЖТ енгізу жоғарыда аталған санаттарды формализациялау үшін ынталандырады және оларды әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамту жүйесіне тартуға, қаржы жүктемесін азайтып, тіркеу, төлеу және әкімшілендіру процестерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

CSI аға серіктесі Олжас Құдайбергенов талқылау барысында ой-пікірін білдірді.

«Қазақстан халқының бір бөлігі есепке алудан тыс қалған. Басында 5,5 млн адам болса, одан кейін аула-ауланы аралау және басқа да әдістердің нәтижесінде бұл сан 1,5 млн адамға дейін азайды. Елімізде халықтың 60% сәл астамы мүлдем салық төлемейді. Біздің негізгі міндетіміз – адамдарды есепке алуға шығару. БЖТ үш оң сипаты бар. Біріншіден, ол ерікті түрде жүргізіледі, екіншіден, ол жеңіл әрі қолжетімді, тіпті есеп беруден мүлдем хабары жоқ адамдарға да лайықталған, үшіншіден, бұл – салық жүктемесінің төмен болуы. БЖТ тек жеке тұлғаларға ғана қатысты қолданылады, заңды тұлғалар бұл механизмді пайдалана алмайды және ол мүлдем ештеңе төлемейтін адамдар санатына бағытталады», — деді сарапшы.

20 қыркүйек, 2018 - 18:11 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші