check

You are here

Мемлекет өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қолдау шараларын кеңейтеді — М. Әбілқасымова

М. Әбілқасымова

Бүгін сарапшылардың басын біріктірген «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтуге болады?» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің артықшылықтары туралы әңгімелеп берді. Бұл жаңашылдық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізілмек.

Үкімет азаматтардың құқығын қорғау бағытында жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Алайда, әлеуметтік және еңбек құқығының толық пакетін ұсыну үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды формализациялау қажет. 2010 жылдан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі азайып келеді.

М. Әбілқасымова аталмыш механизмнің формалды емес жұмыспен қамтылған халыққа, яғни қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етушілерге ұйымдастырушылық, құқықтықтық мүмкіндік беру үшін жасалғанын айтты.

 «БЖТ жаңа салық түрі емес, бұл төлемнің төрт түрін: жеке табыс салығын, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына, сондай-ақ, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жасауға мүмкіндік беретін режим немесе механизм», — деді М. Әбілқасымова.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бұл аударымдар еліміздің барлық азаматы үшін міндетті болып табылады. Алайда, халық арасында қызметін тіркемеген, еңбек келісімшарты жоқ немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендер бар. Олар бүгінгі күні әлеуметтік, зейнетақылық қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандырудан қалыс қалып отыр. 

«Сондықтан, бұл бірыңғай жиынтық төлем, ең алдымен, түрлі себеппен қорғансыз қалып отырған азаматтарымызды әлеуметтік қолдауды көздейді», — деді министр.

Шараға CSI аға серіктесі О. Құдайбергенов, экономикалық шолушы Д. Кривошеев, «Әлеуметтік мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, ASPANDAU Foundation ғылыми-білім беру қорының басқарма төрағасы K. Нұров және басқа да сарапшылар қатысты.

20 қыркүйек, 2018 - 18:01 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші