You are here

Еңбек министрлігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова жастарды жұмыспен қамтуда атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады

Үкімет отырысы

Үкiмет отырысында ведомства басшысы атап өткендей, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi ҚР қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, жастардың білім деңгейі, әлеуметтік мәртебесі, жұмыс тәжірибесі, табысы және тұрғылықты жеріне сәйкес жіктеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Осылайша жастар 7 санат бойынша айқындалды, соған сәйкес, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау қажеттілігіне байланысты жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жөніндегі Жол картасы аясында нақты шаралар жүзеге асырылатын болады.

Жалпы алғанда республика бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9%, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмен 3,8% немесе 82,4 мың адамды құрайды.

«2018 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 2,1 млн. адамды құрады.  Жыл сайын 120 мыңнан астам мектеп түлегі еңбек нарығына қосылады, олардың 18 %-ы колледжге, 60 %-ы жоғары оқу орындарына түседі, ал қалған 19%-ы мамандық алмай қалады. Жастардың 36%-ында жоғары білімі,  39%-ында  арнайы орта білімі бар. Ал, 25%-ының  білімі негізгі, бастауыш, жалпы білім деңгейінде» - деді министр М. Әбілқасымова.

Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау шеңберінде жастар қатарындағы 13,5 мың адам еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды үйрену үшін колледждер мен оқу орталықтарына қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жіберілді.

 Ағымдағы жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жастар қатарынан 4 536 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 396 адам микрокредит алды.

Бағдарлама шеңберінде бүгінге дейін 136,9 мың  адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 86,7 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды.  

38 мың адам «Жаппай тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы бойынша қамтылды. Жыл сайын 21 мыңнан астам адам осы бағытта білім алады.

Сондай-ақ, басқа бағдарламалармен синергияны жүзеге асыру шеңберінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» қосымша құралы бар. («Серпін»).

«Серпін» жобасы бойынша жастар үшін тегін жоғары техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігі беріледі.

Қазіргі уақытта 26 жоғары оқу орнында 16 472 адам білім алып жатыр. Биыл 5 089 адам жоғары оқу орындарында және 715 адам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жоба қатысушылары болады.

Баяндамасын қорытындылай келе Министр, жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша Жол картасын іске асыру аясында, техникалық және кәсіптік білім алуға үміткерлердің санын ұлғайтуға, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға арналған біліктілік пен дағдылар тізбесін кеңейтуге және микрокредиттер алу туралы жастарға басым құқықтарды белгілеу ұсынылды.

 

18 қыркүйек, 2018 - 17:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші