check

You are here

Министр М. Әбілқасымованың жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында сөйлейтін сөздерінің тезистері

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 30 мамырда өткен Қауіпсіздік Кеңесінде берген тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп Жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру жөніндегі жол картасын әзірледі.

Осы бағытта жастарды білім деңгейі, әлеуметтік статусы, жұмыс тәжірибесі, алатын табысы және қалада/ауылда  тұратын жері бойынша  жіктеу жұмыстары жүргізілді.

Жастардың 7 санаты айқындалды, олар бойынша Жол картасы шеңберінде білім беру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдау қажеттілігіне байланысты нақты шаралар қолға алынатын болады.

2018 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%-ды немесе 82,4 (сексен екі) мың адамды құрайды. Бұл республикадағы жұмыссыздықтың деңгейінен төмен.

Жұмыспен  қамтылған жастардың жалпы саны – екі миллион 100 мың  адамды құрайды.

Жұмыспен қамтылған жастардың 1,5 (бір жарым) миллионы жалдамалы жұмыскерлер, ал 456 (төрт жүз елу алты) мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына жатады.

Жыл сайын 120 (жүз жиырма) мыңнан астам мектеп түлегі еңбек нарығына қосылады, олардың           18 %-ы (он сегіз пайызы) колледжге, 60 %-ы (алпыс пайызы) жоғары оқу орындарына түседі, ал қалған 19%-ы (он тоғыз пайызы) мамандық алмай қалады, қалған 4 %-ы (төрт пайызы) шетелге кетеді, әскерге шақырылады.

Жастардың 36%-ында (отыз алты пайызында) жоғары білімі,  39%-ында (отыз тоғыз пайызында) арнайы орта білімі бар. Ал жастардың 25%-ының (жиырма бес пайызында) білімі негізгі, бастауыш, жалпы білім деңгейінде. 

Осыған байланысты білімі жоқ жастарды алғашқы мамандығымен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017 жылғы                1 қыркүйектен бастап Тегін кісәптәк техникалық білім жобасы іске асырылуда. Жыл сайын 21 мыңнан астам адам техникалық және жұмысшы кәсіптеріне оқытылады. Осы жоба бойынша жастар қатарынан 38 мың адам оқытылып жатыр.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында  Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жастарды мемлекеттік қолдаудың келесі қосымша құралдары көзделген.

Біріншіден, жастар қатарындағы 13,5 (он үш) мың адам еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды үйрену үшін колледждер мен оқу орталықтарына қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жіберілді.

Екіншіден, ағымдағы жылы 4 536 (төрт мың бес жүз отыз алты) адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, жастар қатарынан 396 (үш жүз тоқсан алты) адам микрокредит алды.

Үшіншіден, 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде 136,9 (жүз отыз алты) мың  адам жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 86,7 (сексен алты) мың адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» қосымша құралы бар.

«Серпін» жобасы бойынша жұмыс күші көп өңірлердегі жастар үшін жұмыс күші тапшы өңірлерде тегін жоғары техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігі беріледі.

Қазіргі уақытта 16 472 (он алты мың төрт жүз жетпіс екі) адам 26 (жиырма алты) жоғары оқу орнында білім алып жатыр. Биылғы жылы 5 089 (бес мың сексен тоғыз) адам жоғары оқу орындарында және 715 (жеті жүз он бес)  адам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жоба қатысушылары болады.

Жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде келесі іс-шаралар әзірленетін болады: 

1. Жұмыспен қамтылмаған жастардың деңгейін төмендету мақсатында мамандығы жоқ адамдар қатарынан техникалық және кәсіптік білім алуға үміткерлердің санын ұлғайту;

 2. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша мамандық пен дағдылардың тізбесін кеңейту;

3. Микрокредит алуда жастарға басым құқық беру.

18 қыркүйек, 2018 - 10:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші