check

You are here

Кедейлік деңгейінің 60%-ға ұлғаюы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

ҚР ЕХӘҚМ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әлеуметтік көмек департаментінің мәліметінше, «LS» агенттігінің «Қазақстандағы кедейлік деңгейі 60%-ға ұлғайды» деген ақпараты шындыққа жанаспайды. Себебі материал авторлары 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап күнкөріс деңгейінің құрылымындағы азық-түлік емес бөлігі  40% -дан 45%-ға ұлғайғандығы жөніндегі фактіні есепке алмай отыр. Нәтижесінде күнкөріс деңгейі 2017 жылмен салыстырғанда 16%-ға ұлғайған.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, статистика комитетінің ресми сайтында күнкөріс деңгейі құрылымына өзгеріс енгізілгендігі жөнінде ақпарат жарияланған.

2018 жылдық ІІ тоқсанында табысы күнкөріс деңгейінен төмен  халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 4,7%-ды құрады, бұл өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 2,5% -ға төмен (2017 жылы II тоқсанда 7,2%).

Сонымен бірге, статистикалық Комитет деректерді салыстыру мақсатында аталған көрсеткіштерді ағымдағы және өткен кезеңдегі ең төмен күнкөріс деңгейі құрылымының өзгеруін ескере отырып берген. Яғни, 2017 жылдың ІІ тоқсанында қайта есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа құрылымы 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізілді.  

Тиісінше, осы аталған ақпараттарды есекере отырып, 2017 жылдың ІІ тоқсанында кедейлік деңгейі 0,9%-ды құрады, бұл осы жылдағы көрсеткіштен 0,1 %-ға артық. Ал, кедейлік көрсеткішінің өзектілігі 0,2%-ды құрады немесе 2018 жылдың ІІ тоқсанындағы деңгейімен тең.  

17 қыркүйек, 2018 - 10:14 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші