X
egov

You are here

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттырудың маңызды жолы - азаматтар мен жұмыс берушілерді электронды еңбек биржасына тарту

ҚР Үкіметі

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Министр Мәдина Әбілқасымова баяндады.  

«Азаматтардың көбі халықты жұмыспен қамту орталықтары және электрондық еңбек биржасы арқылы оқытылды, олардың саны - 535 695 адамды құрайды. Оның ішінде 255 333 жұмыс іздеуші жұмыс іздеудің электрондық форматына көшірілді, 64 771 жұмыс беруші вакансияларын электрондық форматта орналастырды және 215 591 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы оқытылды» - деді министр.

Осы жылы барлық жұмыспен қамту орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жұмыс істейді, онда азаматтар электрондық еңбек биржасын өз бетімен пайдалана алады және қажет болған жағдайда жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерінен консультация алады. Электрондық еңбек биржасында азаматтарды оқытудың ыңғайлы механизмдері, мысалы, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге арналған оқытушы роликтер, сондай-ақ вакансиялар мен резюмелерді орналастыру бойынша толық нұсқаулықтар бар.

20 919  адам Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарда ІТ саласындағы дағдыларға оқытылды.

Оқыту Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 16 оқу орталығында, цифрлық сауаттылыққа оқытуға мүмкіндік жоқ өңірлерге баруды жүзеге асыратын 5 мобильдік орталықта жүргізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 58 595  адам оқытылды. Оқу жоспары шеңберінде Ақпараттық Коммуникациялық Технологиялар нарығында талап етілетін мамандықтар, атап айтқанда, ақпараттық қауіпсіздік, микроэлектроника және мобильді құрылғылар, сондай-ақ байланыс, радиоэлектроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша  оқу курстары жүргізіледі.

 

11 қыркүйек, 2018 - 16:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші