check

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымованың «Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы» туралы баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықты және әлеуметтік-еңбек саласының қызметкерлерін  бастапқы цифрлық дағдыларға және ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби пайдаланушылар деңгейіндегі дағдыларға оқыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

2018 жылы  804 000 (сегіз жүз төрт мың) адамды  оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 623 665 адам оқытылды, соның ішінде цифрлық сауаттылықтың негіздеріне және Еңбекминінің ақпараттық жүйелерін пайдалануға әлеуметтік-еңбек саласының 8 143 маманы оқытылды, олар: мемлекеттік еңбек инспекторлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері, әлеуметтік жұмыскерлер және мемлекеттік корпорация бэк-офистерінің қызметкерлері.

313 әлеуметтік жұмыскер «Әлеуметтік-еңбек саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары» мемлекеттік мекемесінің базасында «жұмыспен қамту орталықтарының трансформациясы және халықты жұмысқа орналастыру бойынша аутсорсингті жүзеге асыру» тақырыптарына оқытылды.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттырудың маңызды каналдарының бірі азаматтар мен жұмыс берушілерді электрондық еңбек биржасына тарту болып табылады.

Азаматтардың көбі халықты жұмыспен қамту орталықтары және электрондық еңбек биржасы арқылы оқытылды, олардың саны - 535 695 адамды құрайды. Оның ішінде 255 333 жұмыс іздеуші жұмыс іздеудің электрондық форматына көшірілді, 64 771 жұмыс беруші электрондық еңбек биржасы арқылы вакансияларын орналастырады және жұмыспен қамту орталықтары арқылы оқытудан өткен 215 591 адам.

Осы жылы барлық жұмыспен қамту орталықтарында автоматтандырылған өз-өзіне қызмет көрсету аймақтары жұмыс істейді, онда азаматтар электрондық еңбек биржасын өз бетімен пайдалана алады және қажет болған жағдайда жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерінен консультация алады. Электрондық еңбек биржасында азаматтарды оқытудың ыңғайлы механизмдері, мысалы, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге арналған оқытушы роликтер, сондай-ақ вакансиялар мен резюмелерді орналастыру бойынша толық нұсқаулықтар бар.

20 919 адам Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарда ІТ саласындағы дағдыларға оқытылды.

Оқыту ҰКП-ның 16 оқу орталығында, цифрлық сауаттылыққа оқытуға мүмкіндік жоқ өңірлерге баруды жүзеге асыратын 5 мобильдік орталықта жүргізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқыту жүргізу бағдарламасына сәйкес, ақпараттық қауіпсіздік, микроэлектроника және мобильді құрылғылар, компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ байланыс, радиоэлектроника және телекоммуникация секілді АКТ нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша  цифрлық сауаттылыққа оқыту жүргізіледі.Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары шеңберінде 58 595 адам оқытылды.

Аймақтар бойынша жылдық жоспарды толық орындаған Алматы мен Қостанай облыстары, сондай-ақ Ақтөбе облысының да көрсеткіші жоғары(97%).

Ортадан төмен көрсеткіштер Қарағанды облысында (61%), Жамбыл облысында (61%) және Атырау облысында (44%) байқалды.

Жалпы алғанда, өңірлермен бірге жүйелі жұмыс атқарылып жатыр, оқу жоспарын жүзеге асыруға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Биылғы жылдың соңына дейін бұл жоспар толығымен орындалады.

 

11 қыркүйек, 2018 - 11:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші