X
egov

You are here

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-да бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы.

Бос лауазымға орналасуға конкурс түрі:

         - Талдамалық зерттеулер және ҒЗЖ ұйымдастыруды қамтамасыз ету зертханасының ғылыми қызметкері - 1 бірлік;

Ұйымның атауы: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК, мына мекенжайы бойынша орналасқан:

010 000, Астана қ., Кравцов к-сі, 18, тел. 570-602;

Ұйымның қызметі еңбекті қорғау, нормалау, еңбек эргономикасы және экономикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

         Ғылыми қызметкер:

 Лауазымдық міндеттері:

 - еңбек қатынастарын реттеу және еңбекті қорғау саласында, жауапты орындаушы ретiнде немесе ғылыми жетекшiмен бiрлесiп тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер және әзірлемелер жүргізеді;

 - ғылыми-техникалық ақпаратты, озық отандық және шетелдік тәжірибені, эксперименттер мен қадағалаулар қорытындыларын жинайды, өңдейді, талдайды және жинақтайды. Зерттеулер мен әзірлемелердің әдістемелік бағдарламалары мен жоспарларды, олардың нәтижелерін пайдалану жөніндегі практикалық ұсынымдарды жасауға қатысады. Тақырып немесе оның бөлімі (кезең, тапсырма) бойынша есептер (есептің бөлімдері) жасайды. Зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін енгізуге қатысады;

- бұқаралық ақпарат құралдары үшін Институттың негізгі қызметі мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

 - Институт қызметкерлерінің іс-шараларына қатысу және жарияланымдарды жүзеге асыру үшін басылымдармен байланысты және тиісті шарттық рәсімдерді ұйымдастырады;

         - Институт қызметкерлерінің ғылыми және басқа басылымдардағы жарияланымдарын жоспарлау мен мониторингті, сондай-ақ тиісті есептілікті ресімдеуді жүзеге асырады;

         - баспасөз конференцияларын, брифингтерді, медиа-шараларды, бұқаралық ақпарат құралдарында Институт басшыларының сұхбаттарын өткізуді ұйымдастырады;

         - Институт қызметі туралы баспасөз хабарламаларын, корпоративтік бюллетеньдерді және өзге де ақпараттық материалдарды дайындайды;

 - Институттың интернет-сайтында ақпаратты орналастыру арқылы Институт қызметін жария етуді қамтамасыз етеді.

Бiлуге тиiс:

Өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндеттері, осы зерттеулер және өңдеулер туралы отандық және шетелдік мәлiметтер, зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдiстері ме құралдары, тәжiрибелер мен бақылаулар өткiзу, ақпараттар, оның iшiнде электронды-есептеуiш техниканы қолдана отырып қорытындылау мен өңдеу, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар.

Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм және мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 5 жыл, өнертабыс пен ғылыми еңбектерге авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы. 

Практикалық жұмыста сауатты мазмұндау деңгейінде мемлекеттік тілді міндетті білу.

         Құжаттарды қабылдау күні 12.09.2018 ж.

         Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні 27.09.2018 ж.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бекіткен нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

 Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

 

2 қазан, 2018 - 10:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші