X
egov

You are here

Қазақстан және Беларусь Республикасының министрлері әлеуметтік қорғау саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандум

Астанаға екі күндік жұмыс сапарымен Ирина Костевич бастаған Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің делегациясы келді. 

Бүгінгі таңда Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында, сонымен бірге Қазақстан-Беларусь үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия шеңберінде әлеуметтік-еңбек саласы бойынша екі ел арасында ынтымақтастық жүзеге асырылып келеді.  

М. Әбілқасымова мен Ирина Костевичтің кездесуінде тараптар өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру,  екі елдің зейнетақы жүйесі және басқа да мәселелер бойынша қазақстандық тәжірибе төңірегінде бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Екі жақты кездесуде жалпы еңбек нарығын дамытудың келешегі және «Еуразиялық электронды еңбек биржасы» цифрлық жобасын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы да жан-жақты сөз болды.

Қазақстан бастамасының негізгі басымдығы – цифрландыру тәртібінің көздеген мақсаттарына қол жеткізу. Ол – Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде цифрлық экономиканы дамыту жолындағы еңбек ресурстарының еркін айналымы,  Біртұтас еңбек нарығын қалыптастыру және аталған одаққа мүше елдердегі еңбеккерлердің жұмыспен қамтылуын жеңілдету.

«Бұл бастаманы іске асыру Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында бизнеске, мемлекеттік органдарға және қызметкерлерге уақыт пен ресурстарды үнемдеуге, қағазбастылықты азайтуға, өзара іс-қимыл кедергілерін жеңілдетуге, жұмыспен қамту процедураларын оңтайландыруға, қос тараптың ақпараттық мүмкіндігін арттыруға кеңінен жағдай туғызады. Сонымен бірге,  кәсіпкерлердің осал топтары мен көлеңкелі нарық көрсеткіштерінің төмендеуіне сеп болады», - деді министр М.Әбілқасымова.

Сонымен қатар, екіжақты кездесуде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Беларусь Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі арасында әлеуметтік және еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.   

Тараптар әлеуметтік-еңбек және халықты жұмыспен қамту саласында бірлескен жобаларды дайындау, осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда өзара ақпарат, тәжірибе және білім алмасу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мен  оны дамыту бағытында ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаласты.

Сонымен қатар, елге келген Беларусь делегациясы Астана қаласының Есіл ауданының халыққа қызмет көрсету, жұмыспен қамту, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКМ, «Қарттар мен мүгедек балаларды оңалту орталығы» секілді бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.  

«Екі күндік бағдарлама аясында әлеуметтік қорғау мен зейнетақыны дамытудың, сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамтудың және халық табысын көтерудің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе және кеңінен пікір алмастық. Бүгінгі таңда проблемаларды барынша тиімді шешуге ықпал ететін әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру маңызды. Бұл ең алдымен қос ел Үкіметінің негізгі басымдығы деп білемін, әрине, біз сіздердің осы саладағы тәжірибелеріңізді бағалаймыз. Атап айтқанда, бүгінгі күні Беларусь Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген индикаторларында алдыңғы қатарлы тәжірибелер бар, біздің тараптан оған қызығушылық бар және оны өзімізде қолдана аламыз», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова.

«Расында біз өздеріңізбен кездесіп, саладағы мәселелерді талқыладық, сіздердің бүгінгі істеп жатқан жұмыстарыңызды өз көзібізбен көрдік. Сондықтан,  бүгінгі атқарып жатқан қызметтеріңізбен толық мақтана алатындарыңызды айтқым келеді. Біз «бір терезе» қағидасымен жұмыс істеп жатқан жұмыспен қамту орталықтарына барып оң әсермен оралдық, сонымен қатар еңбек нарығын реттеу жүйесінде сіздерден үйренеріміз бар. Бүгін мен сіздердегі еңбекақы төлемдерінің тәсілдеріне ерекше көңіл аудардым, бұл бағытта көш ілгері келе жатырсыздар. Менің ойымша, Беларусь Республикасының аумағында жоспарланған келесі кездесу біліктілік жүйесінің ұлттық тақырыбына арналады деп ойлаймын. Бүгінгі күні біз осы бағытта стратегиялық серіктестік орнаттық, жуық арады бұл қос ел Үкіметі деңгейінде қабылданатын болады», - деп атап өтті Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі И.Костевич.

7 қыркүйек, 2018 - 20:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші