X
egov

You are here

Министр М. Әбілқасымова «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» конференциясына қатысты

конференция

Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және АҚШ саяси және қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференция барысында Орталық Азия елдерінде әйелдердің іскерлік қабілеті мен кәсіпкерлікпен шұғылдануы, қоғамдық жұмыстарға араласуы мен дамуына қолайлы құқықтық және әлеуметтік орта қалыптастырылып жатқаны жан-жақты айтылды.   

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Е. Әбілқасымова атап өткендей, бүгінгі таңда әйелдердің экономикалық дамуына және басқа да мүмкіндіктерін қолдау тек Ауғанстанда ғана емес, әлемдік деңгейдегі өзекті мәселе.

Ведомство басшысы Қазақстандағы әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту саясатына негізделген бес бағытты атап өтті.

Бірінші бағыт мықты инстутционалды базаға негізделген. Қазақстанда ерлер мен әйелдердің құқықтарының теңдігі Конституция және барлық заңдарда бекітілген. Гендірлік теңдік саласындағы негізгі халықаралық құжаттар мемлекетіміздің тарапынан ратификацияланған.

Екінші бағыт білімге қолжетімділік. Қазіргі уақытта жоғарғы және кәсіби орта білімі бар жұмыспен қамтылған әйелдердің қатары ерлермен салыстырғанда 52% -ға жоғары.  

Үшінші, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтетін маңызды бағыт - әлеуметтік қолдау бағдарламалары.  Қазақстанның заманауи еңбек нарығы әйелдердің жұмыспен қамтылуының жоғарғы деңгейде болуымен ерекшеленеді.

Қазақстан ғаламдық бәсекелестік индексінің «Жұмыс істейтін әйелдердің ерлермен салыстырғандағы деңгейі» көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарлы 30 елдің ішінде.  

« Елімізде мемелекеттік жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асып келеді. 2017 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру, кәсіпкерлік негіздерін оқыту қамтылған. Осының көмегімен бүгінде шағын және орта кәсіпкерліктің 44%-ын әйелдер басқарады» - деді Мәдина Әбілқасымова.

Төртінші бағыт ана мен баланы қолдау. Бұл бағытта Қазақстанда жұмыс орнын сақтай отырып, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін декреттік демалыс, ауыр аяқты және бала туған әйелдерге, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақылар қаралған.

Бесінші, әйелдер құқығын алға бастайтын азаматтық қоғам құру. Бүгінге дейін елімізде әйелдерді қолдайтын ұйымдар мен ассоциациалар жұмыс істеп жатыр. Олардың көрсетіп отырған қызметінің арқасында өзіне сенімді әйелдер еліміздің экономикасының тұрақтануына ықпал етіп отырған бизнес мекемелерін құрды, жаңа жұмыс орындарын ашты.

Сөз соңында Мәдина Әбілқасымова, әйелдердің құқықтарын кеңейтіп және мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз етуде бірігіп әрекет етудің маңыздылығын атап өтті. 

5 қыркүйек, 2018 - 18:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші