X
egov

You are here

Қазақстан мен Әзірбайжан Еңбек министрлері әлеуметтік-еңбек саласында өзара екі жақты ынтымақтастық туралы меморандум жайын талқылады

Мәдина Абылқасымова

Ауғанстан әйелдер мәселесіне арналған аймақтық конференция шеңберінде Қазақстан Республикасы және Әзірбайжан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері Мәдина Әбілқасымова мен Сахил Бабаевтың екі жақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында министрлер жұмысқа орналасу, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді оңалту және басқа да мәселелер бойынша өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерін талқылады.

Мәдина Әбілқасымова атап өткендей бүгінгі күні цифрландырудың жаһандық үдерістерін ескере отырып, әлеуметтік саладағы ынтымақтастықтың келешектегі бағыттары электрондық еңбек биржасын құру және еңбек келісімшарттарын есепке алуды автоматтандыру болып табылады.

«Бүгінгі таңда Қазақстан халықтың санаттарын қорғауды қамтамасыз ету үшін зейнетақы және әлеуметтік қорғау жүйелерін жаңғыртуды жалғастыруда. Еңбек нарығында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жұмыспен қамтудың жаңа форматтарын енгізу қажет, тиісінше, бұл адамдарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріне тарту үшін жаңа, неғұрлым қолайлы форматтарды әзірлеу қажет. Осыған байланысты өзара екі ел арасындағы тәжірибе алмасу аталған реформаларды жасауда пайдалы және маңызды қадам болады» - деді министр.

 Өз кезегінде министр Сахил Бабаев еңбек және әлеуметтік қатынастар саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталып, өзара бірлескен меморандум жасаудың маңыздылығын атап өтті.

 «Бұл салада қос елдің бір-бірінен үйренері көп. Сонымен қатар қазіргі заман талабына сай әлемдегі барлық әлеуметтік қызметтер автоматтандырылуы керек. Бұл адами фактордың осы қызметтерді көрсетуге әсерін азайтады және, тиісінше, оларды қамтамасыз ету процесін ашық әрі, тиімді етеді» - деп атап өтті шетел ведомствасының басшысы.   

Бұдан басқа, Әзірбайжанның Еңбек министрі жұмыспен қамту саласындағы қазақстандық тәжірибеге қызығушылық білдірді. Бүгінгі таңда Әзірбайжанда  еңбекпен қамту порталында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, Сахил Бабаев атап өткендей, қазақстандық тараппен тәжірибе алмасу жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың тиімділігіне мүмкіндіктер береді.

Кездесу соңында Әзірбайжан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі екі жақты Меморандум жасу мақсатында қазақстандық әріптестерінің өздерінің елдеріне белгіленген мерзімнен бұрын келетініне үміт білдірді.

 

 

5 қыркүйек, 2018 - 18:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші